Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сюцай" әдісі жалған ғылым: Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

"Сюцай" әдісі жалған ғылым: Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

Фото: Freepik.com
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарымның эзотерикалық және жалған психологиялық ағымдардың, соның ішінде "Сюцай" ұйымының қызметіне қатысты сауалына ресми жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпрата агенттігі хабарлайды.
Вице-министр Қанат Ысқаков қол қойған ресми жауапта "Сюцай цифрлық психологиясы" ғылымы негізге ие емес екені айтылған.

"Яғни, "Сюцай" деп аталатын цифрлық психология – астрология, нумерология және басқа да жалған ғылыми бағыттар секілді, өзін-өзі тану тақырыбын субъективті түрде түсіндіру мен алып-қашпа тұжырымдарға негізделген және ғылыми дәлелі де, діни мәртебесі де жоқ", – делінген құжатта.

Министрлік мұндай ағымдардың барлығы субъективті пайымдаулар мен өзін өзі тану тақырыбындағы алып-қашпа интерпретацияларға сүйенетінін, ал олардың ешқайсысының ғылыми тұрғыдан расталмағанын атап өтті.

Министрлік мәліметінше, ведомство қоғам қауіпсіздігі мен азаматтардың рухани саулығына қатер төндіретін деструктивті ұйымдардың қызметін жүйелі түрде анықтап, жолын кесіп келеді.

Жыл басынан бері медиа кеңістікте кең ауқымды мониторинг жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша:

• интернет-алаяқтыққа қатысты 7 964 материал анықталған;
• 6 087 интернет-ресурсқа кіруге шектеу қою жөнінде 179 нұсқама берілген;
• әлеуметтік желілердің әкімшіліктеріне 1 874 заңсыз материал бойынша 145 ескерту хат жолданған.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Айдос Сарым "Сюцай" атын жамылып, халықты адастырып жүрген топтарды рухани алаяқтар деп атады.Ол мұндай ұйымдар ғылыми негізсіз тренингтер өткізіп, азаматтардың сенімін пайдаланып пайда табатынын айтты. Депутат жалған ағымдарға қарсы құқықтық және ағартушылық шараларды күшейтуді ұсынды.
01 қараша 2025 ж. 49 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 144

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930