Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім министрі: «Әліппе» кирилл қарпінде шығады

Білім министрі: «Әліппе» кирилл қарпінде шығады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылы оқу бағдарламасына енетін «Әліппенің» қандай қаріпте жарық көретінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің алдымызда тұрған мақсат – осы «Әліппемізді» ертерек оқу бағдарламасына кіргізу. Латын әліпбиі бойынша тиісті шешім қабылданды, бұл шешім бойынша латын әліпбиіне көшу жұмыстары кезең-кезеңімен өтетін болады. Ал бізге келесі жылдан бастап, «Әліппемен» оқи бастау керек. Сондықтан, келесі жылы қабылданып, енгізілетін «Әліппе» кирилл қарпінде болады. Одан кейін мектептерде кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшу жұмысы басталғанда, әрине «Әліппені» де латын қарпіне көшіреміз. Бұл жалпы қиын шаруа емес. Ең бастысы – бағдарлама және оқулықтардың мазмұны. Бұл мәселелер қазіргі уақытта шешіліп қойған», - деп жауап берді Білім министрі тілші сұрағына.
Биыл тамыз айында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бағдарламасына сәйкес, 1-сыныптарға 1-2 тоқсан «Әліппе», 3-4 тоқсан «Ана тілі» енгізілетінін айтқан еді.
«Әліппені» енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр.



24 желтоқсан 2020 ж. 2 959 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 19

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 24

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 17

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 30

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031