Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар «Әліппені» қай кезден бастап оқиды

Оқушылар «Әліппені» қай кезден бастап оқиды

2021 жылдың жаңа оқу жылында 1-сынып оқушысы сауатын «Әліппемен» ашатын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, биыл 1 қыркүйектен бастап 11-сыныптар жаңа бағдарламамен оқуға көшетін болады. Мұнан бөлек, мемлекеттік стандартқа өзгеріс енгізілді. Ол өзгерістің аясында мектеп бағдарламасына сәйкес, 1-сыныптарға 1-2 тоқсан «Әліппе», 3-4 тоқсан «Ана тілі» енгізілді. Бүгінгі күні біз осы бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір оқулықтарды, бағдарламаны дайындау үстіндеміз. Келесі жылы осы оқулықтар, бағдарламалар біздің барлық 7 мың мектепте қолданылатын болады», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.


21 тамыз 2020 ж. 1 057 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031