Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Білім министрі: Қазақстан 2021 жылы 12 жылдық білім беруге толықтай көшеді

Білім министрі: Қазақстан 2021 жылы 12 жылдық білім беруге толықтай көшеді

Елімізде барлық мектеп 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалаудың жаңа жүйесіне көшкеннен кейін, 12 жылдық білім беруге көшу жоспарланып отыр. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, мұндай өзгеріс 2021 жылы болады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Бүгінде жаңартылған бағдарламалар енгізіліп, сыныптардың 95 пайызы жаңартылған бағдарламаға көшірілді. Келер жылы 11-сынып жаңартылған оқу бағдарламасына көшеді деп жоспарланып отыр», - дейді білім министрі.
Аймағамбетов 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу инфрақұрылымға үлкен күш түсіретінін атап өтті. Сондай-ақ, педагогтарды дайындап, жаңа оқулықтар шығару керек дейді. Оған қоса, үш ауысыммен оқитын мектептердің мәселесі шешілуі тиіс.
Министр 12 жылдық білім беруге латын қарпін енгузімен бір мезгілде көшуге ниетті екенін жеткізді.
«Бұрын 10 жылдық мектептен 11 жылдыққа көшкен еді. Кейіннен бірден бірнеше сынып жаңартылған оқу бағдарламасына көшті. Мұнда үшінші шешім бар. Ол бойынша көшу кезеңмен, ақырындап жүзеге асады. Балалар бірінші сыныпқа барғанда 12 жыл оқитынын біліп барады. 12 жылдық мектепке көшудің жоспарланған уақыты – 2021 жыл. Біз осылай жоспарлап, бүгінде мемлекеттік бағдарлама жобасына енгізудеміз», - дейді Асхат Аймағамбетов.

21 қазан 2019 ж. 49 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930