Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылдан бастап жаңа латын Әліппесі енгізіледі

2021 жылдан бастап жаңа латын Әліппесі енгізіледі

Әліппе 2021 жылы қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде қайта енгізілетін болды. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова «Әліппе» оқулығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Әліппе бойынша тисті жұмыстар атқарылып жатыр. Әрине, бұл оқулық қайтарылады. Келесі жылы жаңартылған білім беру мазмұнының бірінші циклы аяқталады. Оған 11-сынып та кіреді. Одан кейін 2021 жылдан бастап қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Әліппені кіргізу осы 2021 жылдан басталады», - деді Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, оқулық Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде жасалып жатыр. Ал тілшілердің «Әліппе латын графикасымен жазыла ма?» деген сұрағына вице-министр: «Иә», - деп қысқа ғана қайырды.
Айта кетейік, биыл Тамыз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Әліппенің мектеп бағдарламасына қайтарылатынын мәлімдеген.
«Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын, көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз Әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады», - деді министр.



18 қазан 2019 ж. 2 681 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930