Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қажетсіз мешіт ғимараттары сатылып жатыр - Ермекбаев

Қажетсіз мешіт ғимараттары сатылып жатыр - Ермекбаев

Республика аумағында 3601 мешіттің 84-і қаңырап бос тұр. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Кейде мешіт салу сәнқойлық болып саналады. Ал мешіттің имамы болмауы немесе оны ұстап тұрудың жергілікті халыққа ауыр тиетіні назарға алынбайды. Салдарынан кей жерлерде мешіт ғимараттары тіпті сатылымға қойылып жатыр", - деді Нұрлан Ермекбаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында. Министр игі амалдардың тек мешіт немесе шіркеу салумен ғана шектелмейтінін баса айтты. "Бүгінде елімізде 3601 мешіттің 84-і қаңырап бос тұр. Бұл процесті жүйеге келтіру үшін діни ғибадатханалар салуға рұқсат беретін айқын стандарттар болуы қажет. Соның ішінде, жаңадан құрылыс салуға ниетті азаматтарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін. Мысалы, ғибадатхана салудың жаңа үлгілі ережелерін енгізу", - деп сөзін толықтырды ол. Н. Ермекбаев ғибадатханалардың, оның ішінде мешіттердің құрылысын тәртіпке келтіретін уақыттың жеткенін айтты.  "Мұсылман үшін мешіт - Алланың үйі, ол таза және күтілген болуы керек. Оның келуші жамағат санына сәйкес болуы, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, айналасына кедергі келтірмеуі абзал. Мәселен, мешіт немесе шіркеу қараусыз қалса, келуші жамағат аз болса, халық көп жүретін көшенің бойына салынып, бірақ көлік қоятын орындармен қамтамасыз етілмесе, егер дауысы қатты шығатын дыбыстар немесе қоңыраулар айналадағы тұрғындардың мазасын алса, мұндай құбылыс жағымды сезімдерді емес, тек шағымдарды көбейтеді. Өкінішке қарай, мұндай шағымдар бізге келіп түсуде", - дейді министр. Н. Ермекбаевтың айтуынша, жақын перспективада министрліктің дін саласында көптеген міндеттері бар. Оларды жүзеге асыру дін саласындағы қарым-қатынастардың үйлесімді болуына оң ықпалын тигізбек.    
inform.kz
21 ақпан 2018 ж. 1 172 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031