Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «3-сыныптан бастаймыз!..». Сағадиев оқу бағдарламасына тағы бір өзгеріс енгізді

«3-сыныптан бастаймыз!..». Сағадиев оқу бағдарламасына тағы бір өзгеріс енгізді

2018 жылдан бастап информатика пәні 3-сыныптан бастап оқытылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында мәлім етті, — деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Үкіметтің 2018 жылға арналған жоспарында министрлікке 27 іс-шара жүктелген. Оның ішінде 13 пунктті орындаушы – Білім және ғылым министрлігі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған міндеттері ескере отырып, жоспарға білімді цифрландыру бойынша өзгерістер енгізілді.

Мысалы, информатика 2017 жылы 7-сыныптан, 2014 жылы 5-сыныптан басталған. Осы оқу жылынан бастап 3-сыныптан басталады.

Бұл — бір», – дейді министр.

Ерлан Сағадиевтың айтуынша, екіншіден, бестен он бірінші сыныпқа дейінгі бағдарламалар жаңартылады.

«Оның ішінде бағдарламалау тілдерін қайта қарастырып, жаңа бағдарламалау тілдерін енгізу жұмысы басталып кетті. Үшінші, барлық мектептерде цифрлық білім беру ресурстары бар. Осы жылдың мақсаты – оларды қолдану деңгейін көтеру. Төртінші – білім беру саласында балабақшадан бастап қызметтерді автоматтандыру», – деді ол.

Министр осы жылдан бастап Павлодар мен Шымкент қалаларында 100 пайыздық қағазсыз есеп беру жүйесі бойынша пилоттық жоба басталатынын айтты. Жоба тиімділігін көрсетсе, аталған жүйе барлық қалаларға енгізілмек.

13 ақпан 2018 ж. 1 403 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930