Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел ырысын тасытқан ерлікті айт

Ел ырысын тасытқан ерлікті айт

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова онлайн режимде өткен «Алтын дән – 2020» шарасына қатысты. Жиынды Қызылорда қаласы мен аудандардан онлайн форматта 300-ге жуық маман көрді.
Қай кезде де ауыл шаруа­шы­­­лығы ел экономикасының же­­текші саласы екені белгілі. Сон­­­дықтан мемлекет тарапынан жыл­­ма-жыл аграрлық саланы да­мы­туға үлкен қолдау жасалады. Осын­дай қолдаудың арқасында өңір­­­дің ауыл шаруашылығы өн­дірі­сінің дамуында оң нәтижелер қалыптасты.
– Биыл өңірдегі еңбекшілер көп­теген қиындықпен бетпе-бет келді. Пандемияға қоса су тап­шылығы мәселесі де туындады. Соған қарамастан диқандар мол өнімге негіз қалады. Күріштің әр гектарынан орташа есеппен 61,8 центнерден өнім қамбаға құйылды. Еңбекшілер 551 мың тоннадан астам Сыр күрішін жинады. Осылайша кезекті рекорд­тық көрсеткіш жаңарды, – деді облыс әкімі.
Аграрлық салада 94,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 процентке ар­тық. Оған қоса ауыл шаруа­шы­­лығына салынған инвестиция көлемі 1,8, тамақ өнімдерін өндіруге салынған инвестиция 1,6 есеге ұлғайған.
Биыл 184,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Айта кетерлігі, жалпы егін көлемі соңғы бес жылда 16 мың гектарға өсіп отыр. Алайда кейінгі жылдары су тапшылығы туындады. Қолдағы мүмкіндік көздерін сараптай отырып, қысқа мерзімде ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, егіншілік саласын әр­тарап­тандыру бағыты қолға алын­ды. Жергілікті диқандар кейінгі бес жылда мал­азықтық дақыл­дарды 4 мың гек­тарға, күріштен басқа дәнді дақыл­­дарды 7,5 мың гектарға арттырды.
Осы мақсатта соя, жүгері және бидай егісінің көлемі ұлғайды. Өңірде аквагельді пайдалану арқылы 80 гектарға егілген күздік бидайдың әр гектарынан 18 центнерден өнім алынды. Алда күріш көлемін 80-85 мың гектарға тұрақтандыру жоспарда бар.
Облыс әкімі салтанатты шара барысында ауыл шаруашылығы бағытында негізгі табыс түсіретін секторлардың даму перспективалары жөнінде ой қозғады. Әрбір ауданның ерекшелігіне сай өнім өндіру мәселесіне назар аударылуы тиіс. Алдағы жылы Қазалы ауданында жаңбырлатып суару тәсілімен 87 гектар жүгері егу жоспарланған отыр. Ал Жаңақорған ауданында қызанақ егу басымдық алып, одан томат пастасы өндіріледі. Шиеліде пайдаланылған ағын суды қайта қолдану арқылы жаңбырлату тәсілімен 10 мың гектарға жоңышқа егуге мән беріледі.
Сыр өңірінің аграрлық саласында мал шаруашылығының өз орны бар. Қуанарлығы, аймақта жылма-жыл төрт түлік басы көбейіп, елдегі шаруалардың тыныс-тіршілігінде өзгерістер көрініс беруде.
Бүгінде облыста ірі қара 4,4, жылқы 8,5, түйе 5,3 процентке көбейді. Осының нәтижесінде 26,3 мың тонна ет, 65,2 мың тонна сүт өндірілді. Көрсеткіштерге зер салсақ, ет өндірісі 2,5, сүт өндірісі 2,6 процентке артқан.
– Аймақтың экспорттық әлеуеті артып келе жатқанын айта кетелік. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 17 мемлекетке 66,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтті. Оның жалпы құны – 22,5 млн АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде биыл алғаш рет облыс еңбеккерлері Германияға 421,5 тонна қамыс, ал Қытай мен Ауғанстанға 391 тонна мақсары майын экспортқа шығарды, – деді облыс әкімі.
Облыстың 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары аясында ауыл шаруашылығы саласында 58,8 млрд теңгені құрайтын 63 жоба бастау алды. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азықпен қамтамасыз ету мақсатында 45 инвестициялық жобаны жүзеге асыру басталған. Олардың жалпы құны 14 млрд теңгені құрайды. Оның 9-ы қазірдің өзінде ел игілігіне айналып үлгерді. Алда өңірде қуаттылығы жылына 5 мың тоннаны құрайтын ет комбинаты пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Қармақшы ауданында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабрика іске қосылады. Шиелі ауданында қуаттылығы 24 тонналық сүт фермасы және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған басқа да жобалар жүзеге асады.
Облыс басшысы аймақта ауыл шаруа­шы­лы­ғына қажетті су тораптарын қайта қалпына келтіру жұмыстары да жолға қойылғанын атап өтті. Бұл жұмыстар «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыс­пен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясын­да жүзеге асады. Осының нәти­жесінде «Жиделі су қоймасын қайта жаңғырту» жұмысына 450 млн теңге, «Әйтек су торабын қайта жаңғырту» жобасына 700 млн теңге қаржы қаралған.
Жаз маусы­мындағы су тап­шы­­лығын шешу мәселесіне өз деңгейінде назар аударылмақ. «Қараөзек су қоймасы» және Шиелі ауданында қысқы кезеңдегі тасқын суды жинап егістікке пайда­­­ланатын «Күміскеткен» су қойма­­сы жобасын іске асыру міндеті тұр.
Салтанатты шарада аймақ бас­шысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін 27 номинация бо­йынша марапаттады. Олардың қатарында үздік аудандар мен агроөнеркәсіп саласының озаттары бар. Атап айтқанда, Сырдария ауданынан «Мәди Қажы» серіктестігінің директоры Сейіткамал Сұлтанов пен Қазалы ауданындағы «Рза-Агро» серік­тестігінің егіс бригадирі Балғазы Аймағамбетұлы сынды еңбек озаттары бар. Биыл күріш өндеу зауытын іске қосып, шығарылған 45 мың тонна өнімді ішкі және сыртқы нарыққа шығарған «Абзал және К» серіктестігінің директоры Мағжан Ералиевке «Озат өңдеу кәсіпорны» номинациясы табыс етілді. Ал, «Озат ауыл шаруашылығы кооперативі» аталымы бойынша Шиелі ауданынан «Шиелі төрт түлігі» кооперативінің жетекшісі Сабыр Ермаханов үздік атанды. Жиында «Озат комбайншы» номинациясы Жалағаш ауданынан келген «Таң ЛТД» ЖШС комбайншысы Талғат Табынбаевқа бұйырды.
Елеулі еңбектері үшін сала ардагерлеріне Ауыл шаруашы­лығы министрлігінің «Ауыл шаруа­шылығы саласының үздігі» және «Еңбек ардагері» төсбелгісі табыс­талды.
syrboyi.kz
29 қазан 2020 ж. 572 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930