Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда 38 ауыл шаруашылығы кооперативті құрылған

Қазалыда 38 ауыл шаруашылығы кооперативті құрылған


Қазалыда 38 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызылорда облысы бойынша өндірісі мен шаруашылығы қарқынды дамыған аудандардың бірі - Қазалы.
Аудан негізінен ауыл шаруашылығына бейімделген. Биылғы жылдың өзінде Қазалыда 9,3 млрд теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілген. Сондай-ақ ауылшаруашылығын дамыту үшін 135 млн теңге инвестиция салынды.
Қазалының диқандары да биылғы жылды табысты аяқтады.Атап айтар болсақ, барлығы 17 000 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 6700 гектар күріштің әр гектарынан 45 центнерден өнім жиналды. Нәтижесінде ел қамбасына 30 мың тоннадан астам астық құйылды.
Осы жылы «Сыр Маржаны» ЖШС Иран кәсіпкерлерімен меморандумға отырып, сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортты күрішін келер жылы 150 гектар жерге ұлғайтып егуді жоспарлап отыр.
Ауданда ауыл шаруашылығына қажетті техника және жабдықтармен қамтамасыз етілген. Егін науқанына 281 млн теңге тұратын 28 ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Алдағы жылы ауыл шаруашылығына қажетті техника мен құрал-жабдықтар алу үшін 117 млн теңге қарастырылып отыр.
Қазалыда мал шаруашылығы да қарқын алып келеді. Статистикалық есептерге сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда малдың барлық түрінде өсім бар. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара - 103, қой - 108,5, ешкі - 103,7, жылқы - 120,1, түйе - 113,9 пайызға көбейіп отыр. Қазірдің өзінде 5804 бас құс өсірілуде. Бір айта кетерлігі, 67,6 пайыз шаруа қожалықтары жеке азаматтардың үлесінде.
Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған «Құлан» бағдарламасы 211,3 пайызға, «Сыбаға» бағдарламасы 61,8 пайызға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша бірқатар шаруа қожалықтары құжаттарын тапсырып, қаржыландыруды күтуде.
Бүгінгі күнге дейін ауданда 4 375,3 тонна ет, 12 564 тонна сүт өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 102 пайызға артық. Қазалыда ет экспорты жолға қойылған. «Сыр маржаны» ЖШС-ның 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңында осы уақытқа дейін 770 бас мал бордақыланып, сатылды.
Қазіргі таңда жоғары оқу орнын бітірген жастар үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы да ауданда табысты орындалуда. Аталмыш бағдарлама аясында 100 маманға 325 млн теңге көлемінде несие қарастырылды. Ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты қазіргі таңда Елбасы тапсырмасына сәйкес кооперативтер құру жүзеге асырылуда. Бүгінде ауданда 38 ауыл шаруашылығы кооперативтері жұмыс істеуде. Соңғы екі жылда кооперативтер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 467 млн теңге, өңірлік инвестициялық орталықтан 32 млн теңге қаржы алып, мал бордақылау жұмыстарын жүргізуде.
Қазалы ауданында бақша өнімдерін өндіруде жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Биыл ғана аудан орталығынан құрылған «Бақша» кооперативі Байқоңыр қаласы әкімшілігімен меморандумға отырып, 7 сауда нүктесін ашып, бақша өнімдерін өткізуді ұйымдастырды.
http://www.http.inform.kz
05 желтоқсан 2017 ж. 6 525 0

Кемел келешек тіледі

06 қазан 2024 ж. 62

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031