Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығына 189 млн. теңге инвестиция тартылды

Ауыл шаруашылығына 189 млн. теңге инвестиция тартылды

- Біздің аудан ауыл шаруашылығына бейімделген аймақ. Бұл сала да мемлекеттің қолдауымен жақсы дамып келе жатыр. Жыл ішінде салаға тартылған негізгі инвестиция көлемі 189 млн. теңгені құрады. Есепті кезеңде 10,2 млрд. теңге көлемінде өнім өндірілді. Өткен жылы салаға 1 млрд. теңгеден астам субсидия төленді, деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев халыққа есеп беру кездесуінде.
Аудан әкімінің айтуынша, былтыр 17 355 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған болатын. Аудан дихандары басты дақыл күріштің әр гектарынан 45 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 30 мың тоннадан астам астық құйды.
"Қазалы қаласы мен 7 ауылдық округке (Қазалы қаласы, Бозкөл, Көларық, Тасарық, Мұратбаев, Майдакөл, Өркендеу, Арықбалық) 74,5 млн. теңгеге су айдайтын 8 насос алып берілді.
Машина трактор паркі 27 дана ауыл шаруашылығы техникалары және жабдықтарымен жаңаланды.
Ал биыл ауыл шаруашылығы құрылымдары 117 млн. теңге болатын 25 дана техника мен құрал-жабдықтар алуды жоспарлап отыр.
Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 17 790 гектар жерге орналастыру жоспарымыз бар. (Оның ішінде дәнді дақылдар 7630 гектар, мал азықтық дақылдар 7480 гектар, картоп, көкөніс, бақша 2250 гектар, майлы дақылдар 430 гектар. Басты дақыл күріш егісінің көлемі 6950 гектар).
Сонымен қатар, сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортты күрішін 150 гектар жерге ұлғайтып егуді жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, өткен жылы 1050 гектар жерге бақша дақылдары егіліп, 14538 тонна өнім алынды. Алынған өнім көрші Арал, Қармақшы аудандары мен Ақтөбе, Астана, Байқоңыр қалаларына сатылып, Ресей еліне 552 тонна қауын-қарбыз экспортқа шығарылды. Биыл да бау-бақша егісін жалғастырамыз", - деді Мұрат Нәлхожаұлы.
31 қаңтар 2018 ж. 2 268 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031