Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңір дамуы – ортақ игілік

Өңір дамуы – ортақ игілік

Сыр өңірінде күріш егуге су тапшылық етуде. Осы ретте алқаптың 80-85 мың гектарын сақтап қалып, қалғанын басқа дақылдар үшін пайдалану керектігін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Apta» бағдарламасына берген сұхбатында ­айтты.
«Өткен жылы Қырғызстандағы Тоқтоғұл су қоймасында 18 млрд текше метр су болса, биыл 12 млрд текше метр ғана су болды. Сол сияқты Өзбекстаннан келетін су біздің Шардарадағы су қоймасының мөлшері былтырғымен салыстырғанда 1,1 млрд текше метрге аз болған. Жазғы уақытта егіс егілген соң қиындықтар кезікті. Соған орай егістікті суғаруды қол режимінде басқаруға тура келді. Экология және табиғатты қорғау министрлігіне алғысымыз шексіз. Күнде таңертеңнен жұмысты солармен бастап, суды реттеп отыруға тура келді. Біздің кәсіпкерлер мен егіншілерге де рахмет айтқым келеді. Оларға суды кезек-кезек беріп отырдық. Мысалы, күнде секундына ең кемінде 550 текше метр су келуі керек болса, ол 400 текше метрге дейін түсіп кеткен кездері болды», – деді облыс әкімі.
Өңір басшысының айтуынша, биыл аймақта егіс өнімі жақсы деңгейде. Атап айтқанда, марқая жеткен жетістігіміздің бірі – 551 мың тонна күріш жиналды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға көп.
– Егісте де әртараптандыру мәселесі бар. Мысалы, күріштің 1 гектарына 33 мың текше метр су қажет, тура осындай көлемдегі суды 10 мың гектарға егілген қызанаққа да жұмсауға болады. Күріштің 1 гектарынан 650 мың теңге кіріс болса, қызанақтың 1 гектарынан 25 миллион теңгеге дейін кіріс алу мүмкіндігі бар. Аталған көрсеткішті жоңышқамен де, басқа да дақылдармен салыстыруға тура келеді. Сондықтан кәсіпкерлер және егіншілермен бірге ойласып, күріш алқабының 80-85 мың гектарын сақтап, қалғанын басқа дақылдар үшін пайдалану керек деп түйдік», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
27 қазан 2020 ж. 588 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930