Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үлкендерге деген құрмет бір күннің аясында шектеліп қалмайды

Үлкендерге деген құрмет бір күннің аясында шектеліп қалмайды

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев түстен кейін халықаралық қарттар күніне орай Қазалы қаласының ардагерлерін де мерекелерімен құттықтады.

– Баршаңызды бүгінгі Халықаралық Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осы күн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылғы қаулысымен арнайы белгіленген болатын. Содан бері мереке елімізде кеңінен аталып өтілуде. Негізінен бұл күн аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін сәт болып табылады. Әрине, үлкендерге деген сый-құрметтің бір күннің аясында шектеліп қалмасы анық, – деген Мұрат Нәлхожаұлы ардагерлерге сый-сияпат жасады.
Бұл күні Қазалы қаласындағы мәдениет үйінде ардагерлер арасында спорттың дойбы, шахмат және бильярд түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Аудан басшысы бильярдтан өткен жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Айта кетейік, жақында ардагерлер арасында бұқаралық спортты дамыту үшін Қазалы қаласындағы ардагерлердің ұсынысына сәйкес бильярд столы сатып алынды. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен алынған бильярд столы қазіргі таңда қалалық мәдениет үйіне орналастырылды. Мұнда Қазалы қаласының ардагерлері бас қосып, өздерінің бос уақытын тиімді өткізгендеріне дән риза. Сондықтан да Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлерге керемет сыйлық ұсынған аудан басшысына ардагерлер алғысын жаудырды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
02 қазан 2020 ж. 1 006 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031