Несие төлемін өзіңізге ыңғайлы етудің жолдары
Жыл сайын несие қолжетімділігі арта түсуде. Онымен қоса, әлеуметтік өмірге сіңісіп келеді. Несиемен бірге қайта қаржыландыру да танымалдылыққа ие болып келеді. Бұл жеке тұлғалар үшін несие жүктемесін азайтудың тиімді әдісі. Бүгінгі мақалада қайта қаржыландыру дегенміз не және оны несие төлемін ыңғайлы етудегі сізге берер пайдасы жайлы ақпаратпен бөліспекпіз.
Қайта қаржыландыру — бұл қазіргі міндеттемелеріңізді өтеу үшін алынатын сізге пайдалы болатын жаңа қарыз түрін алу. Ол арқылы сіз:
қарыз бойынша ай сайынғы жарналарды азайтасыз;
несие кезеңін қысқартасыз;
негізгі қарызды мерзімінен бұрын өтей аласыз;
шұғыл қажеттіліктер үшін жаңа мүмкіндікке ие боласыз.
Қарыз алушы қайта қаржыландыру қызметін негізгі несиесін алған өз банкінен немесе басқа да банктен алуына болады. Осы арқылы өзіңізге ыңғайлы шарттарды таңдауға, ойыңызда жүрген, қаржылық жағдайыңызға сәйкес келетін бағдарлама табуға мүмкіндігіңіз бар.
Несиені қай кезде қайта қаржыландырады?
Көп жағдайда адамдар басында бірнеше несиесі болған кезде және олардың әр қайсысының шарттары әртүрлі болғанда, қайта қаржыландыру қызметіне жүгініп жатады. Ай сайынғы төлемдер сомасының тәртібі мен бірыңғай мәніне, өтеу мерзімі мен қарыздың басқа сипаттамасын ретке келтіру үшін клиент қайта қаржыландыру шарттарын пайдалана алады.
ВТБ (Қазақстан) Банкінің мысалында қарастырайық. Банк басқа банктердің несиелерін тиімді шарттар бойынша қайта қаржыландырады.
ВТБ Банк (Қазақстан)15% жарна (Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 16% бастап) бойынша кепілсіз 5 000 000 теңгеге дейінгі сомаға кредитті қайта қаржыландыруды ұсынады.
Бизнес үшін қайта қаржыландыру
"Премиум кредит" бағдарламасы шеңберінде сіз басқа банктерден берешекті қайта қаржыландыруға қарыз қаражатын ала аласыз. Банкте несие берудің басқа артықшылықтары туралы мына жерден оқыңыз.
"Премиум кредит" бағдарламасы шеңберінде сіз басқа банктерден берешекті қайта қаржыландыруға қарыз қаражатын ала аласыз. Банкте несие берудің басқа артықшылықтары туралы мына жерден оқыңыз.
Қажетті құжаттар
Әр банк тиісінше қажетті құжаттар тізімін береді. Әдетте несие алуға қажетті құжаттар қажет, сонымен қатар қайта қаржыландырылатын несие бойынша құжаттар сұратылады.
Егер сіз 22 жастан асқан және несие тарихыңыз жақсы болса, онда сіз ВТБ (Қазақстан) Банкіне жүгініп, қызметті ала аласыз.
Қайта қаржыландыруға немесе несиелеуге өтінімді осы сілтеме бойынша қалдыруға болады.
Қайта қаржыландыру негізгі артықшылықтары:
Қазіргі несиелеу шарттарын өзгертуге болады.
Әртүрлі банктердегі бірнеше несиені біріктіре аласыз, төлеуге ыңғайлы.
Сондай-ақ қайта қаржыландыру мынандай жағдайда пайдасын береді:
Егер несие ұзақ мерзімге берілсе және ол бойынша төлемдер кем дегенде бір жылға жоспарланса.
Егер сіз төлеуге ыңғайлы болу үшін әртүрлі банктердегі бірнеше несиені біріктіргіңіз келсе.
Егер несие валютасын ауыстыру қажет болса.
Егер несие карталары бойынша қарызыңыз болса және жоғары пайызды төлемеу үшін оны тез арада төлеп тастағыңыз келген кезде.
Егер қаржылық жағдайыңыз нашарлап, ай сайынғы төлемді қайта құрылымдауға жүгінбей, төмендеткіңіз келсе.