Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк Қазақстанда валюталық ипотеканы қайта қаржыландыру мерзімін ұзартты

Ұлттық банк Қазақстанда валюталық ипотеканы қайта қаржыландыру мерзімін ұзартты

ҚР Ұлттық банкі басқармасының қаулысымен ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімін (2019 жыл 15 шілдеге дейін) ұзартуды көздейтін өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтуынша бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2018 жылғы наурыздан бастап Бағдарлама шеңберінде банктердің жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарды Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) теңгемен қайта қаржыландыруды жүзеге асырып жатқандығын атап өтті. "Бүгінгі күні банктер 40,1 миллиард теңге сомаға 5 131 өтінімді қайта қаржыландыруға мақұлдады, 27,7 миллиард теңге сомаға 3 845 қарыз қайта қаржыландырылды. Валюталық ипотекалық қарыз алушыларды бағдарламамен барынша қамту мақсатында валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартылды", - деді Ұлттық банк басшысы.

"Бағдарламаға енгізілген түзетулерді ескере отырып қарыз алушылар кредитор банкке 2019 жылғы 1 шілдеден кешіктірмейтін мерзімде қайта қаржыландыруға өтініш беруі қажет", - деді қаржы реттеушісінің басшысы. Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық банктің қаражатынан банктерге қайтарымды негізде 156 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады.

25 желтоқсан 2018 ж. 984 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 48

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031