Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар өздерінің теріс несие тарихын түзей алады

Қазақстандықтар өздерінің теріс несие тарихын түзей алады

2020 жылдың 30 наурызынан бастап қарыз алушылар өздерінің теріс несие тарихын түзетуге мүмкіндік алады. Кредиттік бюро 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар банк заемына немесе микрокредитке "қалпына келтірілді" мәртебесін беруі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы осы жылдың 22 наурызында осындай қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Fingramota сілтеме жасап.

Несиені келесі жағдайларда "қалпына келтіреді":

кредит бойынша берешекті өтегеннен кейін 12 күнтізбелік ай өткен соң;
егер қарыз алушы қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күніне дейінгі берешек сомасының 50%-нан астамын өтесе және соңғы 12 күнтізбелік ай ішінде кредитті қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күнінен кейін 30 күннен астам мерзімде кешіктіріп төлемесе;
егер қарыз алушы 90 күннен астам мерзімі өткен берешекті өтегеннен кейін жыл ішінде 30 күнтізбелік күннен астам мерзімге кешіктіруге жол бермесе.
Содан кейін кредиттік бюро несиелік есепте кідіріс күндерінің санын нөлге тең етіп көрсетеді.
Төлемді кешіктіру несиелік есепте кредитті қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру кезінде ғана көрсетіледі, ал несиені қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күнінен кейін пайда болатын кешіктіру күндерінің саны ғана көрсетіледі.
04 мамыр 2020 ж. 983 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930