Камералар қаншалықты қауқарлы?
Рас қандай жағдай болмасын аудандағы орталық көшелерде жол-көлік немесе басқа да қылмыстық оқиғалар орын алса, бірінші кезекте айналадағы бейнекамералардың іске қосылып тұрғанына көз жүгірткіміз келеді. Тіпті мәселенің мән-жайын толықтай ашу үшін ішкі істер қызметкерлерінің өзі де көше бойындағы бейнекамералардың көмегіне жүгінеді. Шындығында аудандағы жағалай орналасқан бейнекамералар жұмысын толықтай атқарып тұр ма? Әлде халықты алдап, құрдан-құр көз бояушылық таныта ма?
Зерттей келе Әйтеке би кенті бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында 2017 жылы 50 дана бейнебақылау камераларын орнату үшін тиісті қаражат бөлініп, кенттегі қажетті жерлерге 47 дана және Жанқожа баба кесенесіне 3 дана камералар орнатылған екен. Осы орайда бір қынжылтатыны қойылған 50 бейнекамераның барлығы бірдей өз дәрежесінде істеп тұрған жоқ. Тек 36 данасы ғана өз қызметін тиісінше орындауда. Ал қалғандарының іске қосылмай тұруының басты себебі– бейнебақылау камераларының сымсыз байланыс қабылдағыш арқылы жұмыс жасауында болып отыр. Өйткені аудандағы барлық камералардың бас қабылдағыш антенасы Әйтеке би кенті әкімдігінің 3 қабатты ғимаратының шатырында орналасқан. Сонымен қатар ондағы биіктік төмен болғандықтан қабылдағыштың дұрыс қызмет атқармауына басты кедергі жыл сайынғы екі қабатты тұрғын үйлердің бой көтеруі, ағаштардың биіктеп өсуі немесе басқа да ғимараттардың салынуы екен.
Біле білсеңіз, бұған дейін кенттегі бейнебақылау камералардың барлығы күзгі мезгілде орнатылған. Яғни тал жапырақтарының болмауы салдарынан қабылдағыш антеналар еш кедергісіз жұмыс жасаған. Оның үстіне әр камерада 1 данадан және бас қабылдағышпен аралық ашық болуы қажет секілді. Демек оларды орнату барысында қателік кеткені сөзсіз. Жауаптылар камераларды күзгі мезгілде орнатқаны өз алдына, оның алдағы уақытта қандай қиын жағдайға тап болатынын ескермеген секілді. Енді барлығын қайта жөндеуден өткізуге тура келіп отыр.
«Қазіргі ауданда орналасқан цифрлық бейнебақылау жүйесімен салыстырғанда орнатылғандардың сапасы өте төмен, әрі жаңадан қолданысқа енген ұялы телефон мен үш джи (3G) интернет тарату антеналарының радио толқындары бейнебақылау сымдарының толық сапада жұмыс істеуіне өз әсерін тигізіп отыр» дейді жауапты мамандар.
Бүгінге дейін жол-көлік оқиғалары жайын сөз еткенде Қазалы ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Еркебұлан Жүрсінбаев камераларға қатысты:
– Қызылорда облысында көліктің жылдамдығын анықтайтын түрлі тексеру құрылғылары орнатылған. Соның көмегімен жол ережесін бұзатын жүргізушінің қалай шапшаңдықты асырғанын көріп, аз уақыт ішінде оның нөмірін, көліктің түр-түсін, кімнің атына меншіктелгені анықталады. Осыған сәйкес ауданда бейнекамераны арттыру жөнінде билік басындағыларға ұсыныс тастаған едік. Алдағы уақытта осы мәселе оң шешімін тауып, жол-көлік оқиғасын азайтуға септігін тигізетін құрылғылар еселенсе, апатты жағдайлар тыйылар еді, – деді.
Әрине бейнебақылау камералары тек жол-көлік оқиғасына ғана емес өзге де мәселелердің шешімін оңай табуға көмегін тигізген болар еді. Ал оның аздығы, сапасыз жұмыс жасауы мен түгел еместігі көптеген түйткілдің түйінін тарқатуға кері әсерін тигізіп отыр. Егер олар орталық көшелердің ғана емес, басқа да қажетті орындарға көптеп орнатылса, тиімділігі арта түсері анық.
Жауаптылардың айтуынша, алдағы уақытта облыс орталықтарында орналасқан цифрлық бейне-бақылау жүйесіндегідей жоғары жылдамдық технологиясы оптикалық талшықты желі байланысына көшіріліп жатқан көрінеді. Сонымен қатар оптикалық талшықты желі жүргізілгеннен соң бейне бақылау камералары толықтай іске қосылады.
Қандай жағдай болмасын кенттегі камералардың барлығы бірдей жұмыс жасап тұруы заңды. Оның үстіне аяқ асты орын алған оқыс оқиғаларды толықтай ашу үшін бейне бақылаудың көмегі көп. Егер тез арада жөндеу жұмыстары аяқталып, қажетті камералар іске қосылатын болса, біз бен сіздің басымызға түскен келеңсіз кедергінің мәнін ашып беруге көп көмегі тиері сөзсіз.

Абзал ЖОЛТЕРЕК