Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көше күзетінің көмекшілері

Көше күзетінің көмекшілері

Қоғамдық тәртіпті сақтау жолында бейнебақылау камераларының тигізер көмегі көп. Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен жол қозғалысы ережелерін бақылау, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету үшін кент көшелерінде осындай 35 камера орнатылған.
Кейде тиісті сала мамандарының заңға қайшы әрекеттерді тәулік бойы үзбей қадағалауға шамалары жете бермейді. Сондықтан аудан орталығын­дағы күндіз-түні адам аяғы толастамайтын Әйтеке би, Қ.Пірімов, Жанқожа батыр, В.Счастнов, Р.Бағланова, Т.Бөріқұлақов көшелері мен теміржол вокзалының аумағына бақылау камералары қойылып, олардың сенімді көмекшісіне айналған.
– Қазіргі кезде жыл өткен сайын көшелердегі көлік қозғалысы көбейіп келеді. Мұнымен қатар әлеуметтік нысандарды, саябақтардағы ескерткіш белгілерді, көшедегі қоршауларды соғып қирату, бүлдіру, жасөспірімдердің топ болып төбелесу фактілері жиі кездеседі. Аталған тәртіпсіздіктердің алдын алуға камералар біраз пайдасын тигізуде. Осыны ескеріп алдағы уақытта жаңадан тағы қосымша 20 бейнекамера алуды жоспарлап отырмыз. Бұған байланысты 10 млн теңге қаржы бөлінді. Алынған камералар әлеуметтік қоғамдық орындар мен білім беру мекемелеріне орнатылатын болады, – дейді Әйтеке би кенті әкімі аппаратының есеп және шаруашылық бөлімінің басшысы Нұркен Сералиев.
Қазіргі таңда белгіленген орындарға қойылған бейнекамералар өз нәтижесін беріп келеді. Олар негізінен кенттің орталық алаңында орналасқан полиция бекетіне бекітіліп берілген. Арнайы полиция қызметкерлері жүйелі қадағалап, құқықтық бағасын береді.
Ж.СОВЕТҰЛЫ

29 қаңтар 2019 ж. 1 126 0

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930