Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласы басты назарда

Білім саласы басты назарда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да бұрынғыдай білім саласын басты назарда ұстайтындығын айқын көрсетті. Әсіресе, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды ұстаздар қауымы ерекше ықыласпен қабылдады. Президент осы мақсатта биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігінде атады.
Жолдаудың бір ерекшелігі – мұнда білім саласының барлық сатылары бойынша нақты міндеттер айқындалған. Мысалы, Президент орта мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларының бейнесабақтары мен бейнелекцияларын Интернетке орналастыру керек екенін атап өтті. Бұл расымен, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздарға қолжетімді әрі пайдалы болары анық.
Сонымен қатар бұл ауыл мен қала білімін теңестіруге жағдай жасайды деп ойлаймыз. Президент Жолдауда ЖОО бойынша да нақты міндеттер қойған. Оның ішінде Президенттің аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау туралы ойына ерекше тоқталуға болады. Себебі Елбасы мұндай оқу орындарының диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын ма-мандарды даярлау керек екенін айтты. Агроөнеркәсіп саласының Қазақстан экономика-сында алатын рөлінің ерекше екенін ескерсек, бұл жоғары оқу орындарындағы оқу бағ-дарламалары жаңартылып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибе сабақтасса, саланың дамуына ерекше үлес болары сөзсіз.
Еділ ҚОНЫСБАЕВ,
Қазалы аудандық кешкі мектеп
директорының меңгерушісі.
16 ақпан 2018 ж. 1 203 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930