Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімді жаңарту – мақсатымыз

Білімді жаңарту – мақсатымыз


Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп ұжымы Мемлекет басшысының 2018 жылдың 9 қаңтарында мәлімдеген «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын ықыласпен қабылдады. Жолдауды талқылау барысында Елбасының атына көптеген жылы сөздер айтылды. Бір байқағанымыз Жолдауда «Білім» сөзі 24 рет кездеседі екен.
Бұл білім саласы басты назарда екенін көрсетсе керек. Әсіресе, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды ерекше ықыласпен қабылдады. Бұл шара олардың еңбегінің беделін көтереді және кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдіруге ынталандырады. Президент осы мақсатта биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Мұғалімнің әлеуметтік жағдайының жақсаруы – білімді оқушы, білікті мамандарды даярлаудың алғышарты. Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Тек соны тиімді пайдалануға күш салуымыз қажет.
Э. АҚНИЯЗОВА,
Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің
кітапхана меңгерушісі.
19 қаңтар 2018 ж. 1 393 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 106

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930