Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоспарлы жұмыс – сәттілік кепілі

Жоспарлы жұмыс – сәттілік кепілі

Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында негізгі 10 міндет айқындалған. Жолдауда берілген тапсырмаларды жүзеге асыра отырып, әрбір қазақстандық береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтуға жүйелі жұмыс пен жоспарлы әрекет етуді түсінуі керек.
Президент Н.Назарбаев индустрияландырудың көшбасшысына айналу, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына заманауи технологиялар енгізу, ресурстық әлеуетті пайдаланудың тиімділігін қарастыру, аграрлық ғылымды, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі жақсарту, адам капиталын, қаржы секторын қайта жаңғырту, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін, мемлекеттік басқару тетіктерін тиімді жүргізудің мүмкіндіктерін айқындап берді.
Сонымен бірге, жерді тиімді игергендерді ынталандырып, ал пайдалана алмай отырғандарға шара қолдану, қазақстандық азық-түлік брендін қалыптастыра отырып, бүкіл әлемге танылу, тиімсіз субсидияларды ауылшаруашылығы кешені субъектілеріне қайта бағыттау, алдағы бес жыл ішінде ауылшаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыру қажеттігі нақты міндет болып белгіленді.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын айтарлықтай арттыруға бағытталған маңызды тапсырмаларды жүзеге асыру ауылшаруашылығы саласы мамандарына зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан, сіздерді ауданымыздың өсіп-өркендеуі, дамуы жолында осы Жолдаулардан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды біркісідей жұмылып, орындауда шақырамын!
Мерей ЕСҚОЖАЕВ
01 ақпан 2018 ж. 1 390 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930