Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Фаст фудтантан келер қауіп көп

Фаст фудтантан келер қауіп көп

Шыны керек, қымыз, шұбат, айран ішіп, ежелден келе жатқан түрлі астан бас тартпайтын біздер қазір фастфудқа жерік болғанымызды жасыра алмаймыз. Тіпті кейбірі оның зиянын біле тұра, одан айналсоқтап кете алмайды. Қарынды тез тойдыратын астың бір дәмін татқаннан-ақ оған деген көзқарасы өзгеріп, іздеп тұратын халге жетеді. Негізі фастфуд ағылшын тілінен аударғанда «тез дайындалатын тағам» деген мағынаны білдірсе керек. Ауданымызға оның барлық түрлері жете қоймағанымен жергілікті донер, пицца, гамбургер сынды фастфудтарға тұрғындардың қызығушылығы артып тұр. Бірақ балбырап піскен, бойында қуаты жоқ тағам сіздің ағзаңызға артық витамин бермейді. Сайып келгенде бүгінгі жұрт осы тез дайындалатын тағамдардың пайдасы мен зиянын біле ме екен?
Әлем диетологтары фасфудты адамның нөмері бірінші жауы деп есептеген көрінеді. Бірақ олардың зиян екенін көпшілік білсе де, донер, гамбургер, пицца, т.б түрлерімен тамақтанатындар күн санап артып жатыр. Себебі оның құрамында есірткі сынды глутонат бар. Ол фастфудқа тойған жанның асқазанымен ойнап, бірнеше сағаттан соң қайта қарны ашып, қайта жеуге мәжбүрлеп тұрады. Зерттей келе елдегі адамдардың 80 проценті дұрыс тамақтанбайтын болып шықты. Сонымен қатар оған жұмсалатын қаржының да көрсеткіші көңіл көншітерліктей емес. Есеп бойынша қазақстандықтар жылына фастфуд жеуге 260 миллион доллар жұмсайтын көрінеді.
Қазір елде шаурма, сэндвич, чебурек, пицца, донер, чипсы, қуырылған картоп, және түрлі газдалған сусындардың түрі өте көп. Бірақ оның сапасы мен құрамында не бар екені беймәлім. Тіпті назар аударып жатқан жан баласы жоқ. Ең алдымен дәмі тіл үйіретін тағамнан дәм татпас бұрын оның бойында адам денсаулығына кері әсерін тигізетін зиянды заттардың бар екенін естен шығармаған абзал. Бұл тез дайындалатын тағамдардың құрамында дәрумендер болмағанымен, калориясы жоғары. Семіздік, гастрит, әлсіздік осының барлығы фастфудтардан пайда болады. Диетологтар адам семірген соң оның бойындағы зат алмасу процесі бұзылып, соңы түрлі ауруларға әкеп соғады дейді. Ал одан емделудің жолы да оңай болмайтын көрінеді.
Негізі бұрынғы ата-бабалар қазы-қарта, қымыз, шұбат, айран, секілді денсаулыққа пайдалы ұлттық тағамдарды ішкенін сіз де білесіз. Оған қоса уақытылы тамақтанып, түрлі дәрумендерге бай астардан бас тартпаған. Бүгінде фастфудтардың көптеп ашылуы халық сұранысының жоғарылығынан әрине. Алайда ұлттық тағам дайындайтын асханалардың санын да арттырсақ артық етпесі анық.
А.БАҚЫТҰЛЫ
14 шілде 2020 ж. 970 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 48

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 43

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 45

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930