Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәттіні қалайтындардың ағзасына не жетіспейді?

Тәттіні қалайтындардың ағзасына не жетіспейді?

Кейде тәтті, кейде ащы, кейде тіпті тұзды тағамды жегіміз келіп, тәбетіміз ашылатыны белгілі. Бұл тегін емес. Ағзамыз бізге не қажет екенін айтып, белгі беріп жатыр.
Адам шөлдегенде су жұтатыны секілді ағзасына тәтті жетпеген кезде тәтті, тұз жетпегенде тұзды нәрсе қалайды. Мұны бір сәттік ләззат деп қарамаңыз, мүмкін ағзасыңызға расымен қажет өнім (витамин, минерал) жетпей жатқан шығар?
Сонымен адам тәттіні, қышқыл мен тұщыны неге жегісі келеді?
Тәтті қалағанда...
Тәттіге «тоймайтын», күнде жегісі кеп тұратын адамның ағзасына көмірсу жетпейді деген сөз. Оны жеміс-жидек пен ұн өнімдерін, тәттіні тағамдарды жеп толтыру керек.
Тәттіге жерік емес, тек кейде жегісі келіп, тәбеті ашылатындардың дәл сол уақытта ағзасына глюкоза жетпей жатқандығының белгісі. Глюкоза ми мен бұлшық еттің жұмысына қажет. Сондықтан глюкозасы көп тәттілерді жеуге тырысу ләзім. Мәселен, әлемде глюкозаға бай жеміс – құрманы жеп бірден ес жинап алсаңыз болады.
Мұндайда көбінісе өзіңізбен бал, жеміс-жидек алып жүргеніңіз жөн.
Қышқыл қалағанда...
Адам майлы тағам жегеннен кейін, көбінесе, қышқыл бір нәрсе жегісі кеп тұрады. Сондықтан майлы астан кейін қышқыл жеміс жеуге тырысыңыз.
Адамның қышқыл тағамға жеріктігінің екінші себебі – иммунитеттің түсіп кеткендігінен. Иммунитетті көтеру үшін С витамині бар цитрус, киви, қарақат, алма сынды жемістерді жеп, итмұрынды қайнатып ішіңіз.
Тұзды тағам қалағанда...
Тұзды тағам жегісі келген адамның ағзасына натрий хлориді жетпейді деген сөз. Мұндай адамдарға қызылша мен теңіз орамжапырағын жеуге, зімбірді қайнатып ішуге кеңес береміз.
Әдетте, тұзды тағамдардың көбі жұғымсыз, құндылығы аз келеді. Сондықтан жаңғақ, жержаңғақ сынды тойымды дақыл жеген жөн.
13 сәуір 2020 ж. 1 412 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031