Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі жастар Фаст-фудқа неге құмар?

Бүгінгі жастар Фаст-фудқа неге құмар?

Бүгінде Әйтеке би кентінде жылдам тамақтану орындары көптеп ашылып, тұрғындарға бұрын атын естімеген неше түрлі тағамдарды ұсынуда. Онда бара қалсаңыз айналасы азғантай уақыттың ішінде самса, донер, гамбургерді дайындап береді. Бір қызығы дәл осындай фаст-фудқа жастар жағы үйір болып алған. Соңғы кездері адамның тәбетін ашатын бұл ас түрлері үлкендерді де өзіне баурап бара жатқанын көзіміз көріп жүргенін несіне жасырайық.
Көше бойында, аядай ғана бөлмеде әзірленетін фаст-фуд өнімдерін мамандар мүлдем пайдалануға болмайды деп дабыл қағып, үнемі ескертіп-ақ келеді. Алайда оған құлақ асып жатқан ешкім жоқ.
Әрине, біз біреуге мынаның дәмін көр немесе анаусын жеме деп тыйым сала алмаймыз. Біздің мақсат – оқырмандар арасында қоғамдық пікір тудыру. Осы орайда тұрғындардың фаст-фуд өнімдеріне деген көзқарасын сұрап білген болатынбыз.

Айгүл СӘРСЕНОВА, дәрігер:

– Қазіргі уақытта сэндвич, гамбургер, донер, пицца, чипси, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар баршылық. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екендігі көпшілікті аса мазалай бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай ас адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы әрі бағасы да қолжетімді. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бас­тап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнама арқылы өнімдерін төмен бағамен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады.
Осы арада мен дәрігер ретінде фаст-фудты жиі пайдалануға мүлдем болмайтынын айтқым келеді. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп кездесетіндіктен дәрумен мүлдем жоқ. Кейбіреулер оның денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады. Ал, артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік – зиянды дағдылардың нәтижесі болып табылады.
Қазақ «Ас – адамның арқауы», «Ауру – астан» деп бекер айтпаған. Сондықтан кез келген адам денсаулыққа ден қойып, асқазанға пайдалы тамақты тұтыну керек.

Жансұлтан БАҚЫТБЕКОВ, студент:

– Өзім гамбургер, самса, пицца, донер сияқты дәмі тіл үйіретін тағамдарды сүйсіне жеймін. Себебі өздері сондай дәмді, әрі тез дайындалады. Бұл біріншіден, бізге уақыт үнемдеуге көп септігін тигізеді. Негізі көптеген адам бұл тағамдарды зиян деп жатады. Бірақ әзірге менің ауырған жерім жоқ (күліп). Содан да болар күнде тәбетім ауып тұрады.
Жол түсіп Қызылорда, Алматы секілді үлкен қалаларға барғанда KFC мен бургердің түр-түрін кездестіремін. Мұндай жердегі адамның көптігі біздегіден тіпті артық. Ұзын-сонар кезекте тұрса да, сатып алуға құштарлар қатары азаймайды.

Ардақ КӨБЕЙСІНОВ, кент тұрғыны:

– Мен жарнамасы айқайлап тұратын мұндай тағамдарды жеуге түбегейлі қарсымын. Олай дейтін себебім де жоқ емес. Бірде тығыз шаруалармен жүріп қалып аудан орталығындағы басты көшелердің бірінен ашылған осындай қоғамдық тамақтану орнына бардым. Асығыстау болған соң бір донерге тапсырыс беріп, оны күтіп тұрғанмын. Бір кезде ашық тұрған терезеден менің тапсырысымды дайындап жатқан қызметкердің іс-әрекетіне көзім түсіп кетті. Ол еш қысылмастан пісте шағып тұрып, донерді дайындауға кірісті. Мұндай жерде арнайы киілуге тиіс қолғапты кимек түгілі қолын таза сумен жумады. Мұны көрген мен дереу тапсырыстан бас тарттым. Одан кейін амалсыздан осы көшенің бойындағы екінші жерге бас сұқтым. Алайда мұнда да ешқандай санитарлық талап сақталмағанын байқадым. Кірген бойдан қайта шығуыма тура келді. Осыдан кейін мен фаст-фуд атаулыны жемеуге тырысамын және балаларыма да жегізбеймін.
Бүгінгі таңда біздің елде кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған. Тіпті арнайы тазалықты қадалағайтын құзырлы мекеменің өзі кез келген уақытта тексеру жүргізе алмайды. Алайда адамдар көп шоғырланатын мұндай жерге күнделікті демесек те, ара-тұра санитарлық жағдайды тексеріп тұрған дұрыс сияқты.

Р.S. Шығыс даналығында, «Қандай ас ішсең, сондай ұрпақ өседі» деген тәмсіл бар. Сондықтан да күнделікті ішетін асыңызға аса қатты мән беріп, денсаулығыңызға ұқыпты қарағаныңыз жөн. Біле білсеңіздер, дұрыс тамақтана білу де үлкен мәдениеттілікке жатады.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ

25 сәуір 2019 ж. 2 425 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 52

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 47

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930