Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрек жылуы

Жүрек жылуы

Шыны керек бүгінгі аудандағы ахуал көңіл көншітерліктей емес. Індеттің таралуы күн санап өршіп тұр. Ауруханаға жиырма төрт сағат бойы түсіп жатқан дімкәс адамдардың саны артып, дәріхана алдындағы кезекте тұрғандардан көз сүрінеді. Вирустың салдарынан дәм мен иіс сезбейтіндер де жанымызда жүр. Күн сайынғы пневмония кесірінен көз жұмғандарды естіп, мезі болдық. Аты жаман індеттің қарқыны қатты болғаны соншалық, көптеген жанды келместің кемесіне сәт сайын мінгестіріп жатқаны кеудеге қорқыныш ұялатпай қоймайды.
Жергілікті жұқпалы аурухана жайы белгілі. Анықталғаны онда 110-ға жуық науқас қаралып жатыр. Сонымен қатар ауыр халдегі екі бірдей адам бір кислородпен дем алуда. Демек кислород жетіспейді. Осы ретте аудандағы абыройлы, елге сыйлы азаматтар да құр қарап отырмады. Қолдан келген бар көмегін аямай, қиын сәтте қол ұшын соза білді. Одан бөлек осыдан үш күн бұрын «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «Kazaly_365» парақшасы ауруханаларға ИВЛ немесе кислород алып беру үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ел болып атсалысуды айтқан болатын. Артынша аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Берік Мәдиұлының Kaspi Gold карточка реквизитін парақшаға бөлісіп, тұрғындар игі бастамаға бел сыбана кірісіп кетті. Нәтижесінде 2 сағатта 73 мың теңге қаржы жиналып, бес сағатта 300 мыңнан асып үлгерді. Ақырында 14 сағат ішінде бас имамның шотына бір миллионнан астам теңге түскен.
– Аудандағы індетке шалдыққандар саны сағат санап артып келеді. Тіпті көз жұмып жатқандарды да естудеміз. Осындай қиын кезеңде көмек көрсетуден қол үзгісі келмейтін тұрғындардың дер кезде іске кірісіп кеткеніне қуанып қалдық. Ауруханада ем алып жатқан жергілікті халықтың жағдайын жасап, зыр жүгіріп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысымыз мол. «Kazaly_365» инстаграм парақшасының бастауымен «Жанқожа батыр» мешіті бірлесіп, ұйымдастырып отырмыз. Бауырларымызға кислород жетіспеушілігі себебінен халықпен бірге атсалысқанды құп көрдік. Алла қаласа, жиналған қаражатқа Түркиядан екі аппарат, Қытайдан төрт аппарат алдырамыз. Ауысқан ақшасына ауруханаға қажетті киімдер мен басқа да керекті заттар алатын боламыз, – дейді Берік Мәдиұлы.
Мұның барлығы аудан тұрғындарының әлеуметтік желіде «Bizbirgemiz» хештегімен ұрандатып, еріктілердің науқастарға көрсетіп жатқан көмегі. Биылғы жылдың «Еріктілер жылы» болып жарияланғанын ескерсек, осы сынды қайырымды, игілікті істің бастау алғаны көңілге қуаныш ұялатады. Бұған дейін осы хештегпен тұтас ел болып Түркістан облысы, Мақтарал ауданындағы су тасқынына көмек көрсетілгені есте шығар. Сонымен бірге республиканың түкпір-түкпірінен «Bizbirgemiz» деп, баспанасыз қалған отбасыларға қолдау көрсетілді. Осы сынды еріктілердің қысылтаяң сәтте қандас бауырларға қол ұшын созғаны, жүрекке жылылық ұялатты. Сайып келгенде, ел басына күн туғанда бір болып, тұтастығымызды көрсете білсек, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
11 шілде 2020 ж. 614 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930