Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аурухананы жабудың қажеті қанша?

Аурухананы жабудың қажеті қанша?

Жуырда Қазалы қаласы әкімдігінде жиналыс өтіп, онда қаладағы аурухананы жабу мәселесі сөз болды. Аудан әкімдігінен келген өкілдер мен аудандық аурухана басшысы Күншығар Әбілов «Аурухананы жабу – үтір-нүктесі қойылған мәселе. Жабуымыз керек» деп өрекпіді. Сонда қаладағы қанша халық қайда барады? Әлде қалалықтар ауырмайды ма?
Аудандағы бас дәрігердің айтуынша, Қазалы қаласы мен арасы алты-ақ шақырым болатын жаңа ауруханаға барлық науқас жатуы керек. Бірақ, неге? Қалада тұрған аурухананың қай жері кем? Керісінше тақыр жерде күннің қақ маңдайында тұрған жаңа ауруханадан жайқалған жасыл желегімен ерекше ғой. Ол аурухананы жаман дегеніміз емес. Бірақ қаншама халық тұратын қалада бір аурухананың болмауы сұмдық ғой.
Мен өзім жүрегімде екі аппарат орнатылған науқас адаммын. Кез келген кезде денсаулығым сыр береді. Екі күннің бірінде ауруханаға жатамын. Менің жағдайым алты шақырым жердегі ауруханаға жетіп, емделуді көтере алмайды.
Сонымен бірге, бұл ауруханаға қалаға іргелес орналасқан ауылдық жерлерден де тұрғындар келіп ем алады. Ауруханада білікті дәрігер де бар, науқастарға жағдай да жасалған.
Аурухана жабылса, халықтың да жағдайы мәз болмасы анық. Оның бірнеше себебі де бар. Ең алдымен қанша адам жұмыссыз қалады. Екіншіден, қала тұрғындарының бәрінің бірдей орталықтағы ауруханаға барып, жатуына жағдайы да келе қоймайды. Ауруханаға жатқан соң артыңнан іздеушінің барғаны қалыпты жағдай. Сондайда көлік мәселесі бар. Қарапайым халықтың бәрі бірдей көлік мініп, шалқып отырған жоқ ғой.
Қазалы қаласы шағын ауыл емес. Қанша халық тұрады. Мүгедек балалар, жүрек талмасымен ауыратын жандар, қан қысымы жоғары адамдар бар. Ел болған соң неше түрлі адамдар болады. Біз қала тұрғындары аурухананың жабылуына қарсымыз. Қаламызда емхана бар ғой. Сол емханамыздан керекті ем-дом қабылдап, ауруханамызға жатып ем алғанымыз дұрыс емес пе? Қаншама халықты әрі ауру адамды әрі-бері сандал-тудың қажеті қанша?
Халықтың өтініш-тілегіне билік басында отырған жандар бейжай қарамайды деген үміттеміз.
Қарлығаш АЙМАҒАНБЕТОВА
halyk-gazeti.kz
27 шілде 2018 ж. 1 868 0

Мен өмірді қалаймын

06 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.
Атамның әңгімесі

Атамның әңгімесі

03 мамыр 2024 ж.
Кіндік шешеңіз кім?

Кіндік шешеңіз кім?

12 наурыз 2024 ж.
Көнеден қалған мұра

Көнеден қалған мұра

20 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930