Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сындарлы сәтте сабырлылық керек

Сындарлы сәтте сабырлылық керек

– Қазіргі таңда әлем бойынша орасан қауіпке айналған коронавирус пандемиясы күннен күнге белең алып келе жатқаны рас. Дегенмен әлемдік денсаулық сақтау қауымдастығы бұл қиындықты жеңу үшін қолдан келген шараның бәрін жасап жатыр. Өз кезегінде ғаламның ажырамас бөлігі, қарқынды даму үстіндегі мемлекетіміз де індеттің елге таралмауына көңіл бөлінуде. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та елді сабырға, ауызбіршілікке шақырған Үндеуін жолдады.
Ұлт көшбасшысы Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі, азық-түлікке қолжетімділігі және медициналық көмекке әрқашан қолжетімділікте болатындығын тілге тиек етті. Сонымен қатар кәсіпкерлердің, мекеме қызметкерлері мен студент, оқушыларға ауыртпалық түсірмеу үшін нақты шаралар қолға алынғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек осындай төтенше жағдайға көмек қолын созғысы келетін қазақстандықтарға арналған арнайы қор ашуды ұсынды. Мен тәуелсіз елдің нағыз патриоты ретінде бұл бастаманы толықтай қолдаймын. Барша елін сүйген азаматтарды біріге атсалысуға шақырамын.
Бұндай қиын сәтте ұлттың ауызбіршілік пен ынтымақта болуы аса маңызды. Елбасы «Кемедегінің жаны бір» деген тәмсілді ойға оралтып, бұл қиындықты да еңсере алатынымызды айтып, ортақ істе сырт қалуға болмайтынын жеткізді. Өзінің ұлт көшбасшысы екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, орын алған жағдайды еңсеруге қордан қаражат бөлгізді. Сонымен бірге көмектен аянып қалмаған ел жанашырларына ерекше алғысын білдірді.
Бүгінгі ауру ахуалы жеңіл қарайтын мәселе емес екенін білеміз. Десек те мен ел абыройын талай мәрте әлемдік аренада асқақтатқан Елбасымен бірге бұл індетті жеңіп шығатынымызға сенемін.
Зинегүл ЖҮСІПОВА,
Қ.Сәтбаев атындағы
№216 орта  мектеп директоры
20 наурыз 2020 ж. 1 146 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 173

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930