Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жай қарап отыра алмадық": Бір топ мұсылман Австралиядағы өртті сөндіруге көмектесті

"Жай қарап отыра алмадық": Бір топ мұсылман Австралиядағы өртті сөндіруге көмектесті

Австралияда өршіп, күн сайын күшейген өрттің салдарынан 24 адам қаза тауып, 500 милионнан астам жануар жойылды. Жаһандық проблеманы шешіп, өрттен жапа шеккен адамдарға  көмектесу мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен материалдық көмек көрсетілуде. Австралияны құтқару үшін қолдан келер көмегін аямаған еріктілер саны да аз емес. Солардың бірі — өрт сөндірушілерге бір аптадан бойы ас әзірлеп, қолдау көрсеткен мұсылмандар тобы. 
Батыл өрт сөндірушілер өткен аптада Шығыс Джипслендтегі өртпен күресті. Оларға тілсіз жаудың кесірінен зардап шеккен адамдарға көмектесуді міндетіне айналдырған мұсылмандар көмектесті. Локман Аль Курди (Lookman El Kurdi) есімді еріктінің  айтуы бойынша, топ өрт сөндірушілердің қандай жағдайда  екенін көріп, қол қусырып отыра алмады. 
"Олардың (өрт сөндірушілердің — ред.) қаншалықты шаршағанына қарап көңіліміз босады, Олар әбіржіп кеткен. Бұған біз жай қарап отыра алмадық. Сонымен қатар, Австралияда орын алып жатқан қайғылы жағдайды көріп, көмектесуге міндетті екенімізді түсіндік. Өрт сөндірушілерді тамақтандыру, олар үшін дұғада болу, оларды ойлау тым болмағанда көңіл қанағаттандырады. ",- деді ерікті  Daily Mail Australia басылымына берген сұхбатында. 
Еріктілер өрт сөндірушілер үшін ас әзірлеуден бөлек, бес жүк көлігін тамақпен, азық-түлікпен толтырып, оларды өңірдегі елді мекендерге жөнелтті. 
 Шығыс Джипслендте жүздеген үй өрттің кесірінен қирап қалды. Көптеген адамдар өмір сүріп жатқан аймақтарынан көшіп кетуге мәжбүр болды. Өрт сөндірушілер сол аймақтағы 766 мың гектардан аса жерді өрттен аман алып қалу үшін күн-түн демей үздіксіз жұмыс істеді. 
08 қаңтар 2020 ж. 936 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 32

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 66

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 107

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 59

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 59

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031