Базар базынасы
Жүздеген адам кәсіп жасап, нәпақасын айырып отырған орталық базардан өрт шығып, бірнеше нысанның күлін көкке ұшырғалы бірнеше күн өтті. Ондағы кәсіпкерлердің қазіргі жағдайы мәз емес. Аудан атқамінерлерінің ендігі міндеті жұмыссыз қалғандардың жағдайын жеңілдететін, тіршілігін қайта қалыпқа келтіретін тетіктерді іске қосу. Соған байланысты өткен жұмада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев өрттен зардап шеккендермен кездесті.
Кенттік клубта өткен жиынға мәселеге қатысты ұсыныстарымен аудандық прокуратура, полиция, төтенше жағдай, өрт сөндіру қызметі өкілдері және жер, құрылыс, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары қатысты. Олар орталық базардың бірнеше нысанын шарпыған жалыннан кәсіпкерлер тауарларынан айырылып, айтарлықтай шығынға ұшырағанын назарға алып, жұртшылық пікірін тыңдады. Қазірдің өзінде ауданда төтенше оқиғаның шығу себептерін анықтайтын комиссия құрылып, өз жұмысын бастаған. Тексеру шараларының барысында келтірілген шығынның мөлшері нақтыланады. Жауаптылар зерттеу нәтижелерін кейінірек хабарлайтынын жеткізді.
Ойда-жоқта орын алған тілсіз жаудан зардап шегушілер қатары аз емес. Тіпті бірде бір бұйымы қалмай, жер сипап қалғандар бар. Сол себепті жиынға қатысқан 150-ден астам кәсіпкер тоқтап қалған саудасын қалпына келтіруге жәрдемдесу, саудаға байланысты алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесін уақытша тоқтатуды сұрады. Сонымен бірге банктермен келіссөз жасау, аз мөлшерлемемен, грант несие рәсімдеуге көмек көрсету, ақшалай әлеуметтік төлем жасау туралы сұрақтарын қойды.
Кәсіпкерлерді тыңдаған аудан басшысы айтылған өтініштер бойынша барлық талап-тілектер ескерілетінін жеткізді. Олардың кәсіпкерлігін қайта қалпына келтіруде арнайы комиссия құрылып, кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлік палатасы арқылы зардап шеккен саудагерлерге қажетті консультативтік-заңгерлік көмек көрсетілетінін айтты. Олар мән-жайды қадағалап, кәсіпкерлермен тығыз байланыста жұмыс жасайтын болады. Саудагерлердің кәсібі тоқтамау үшін сауда орындарымен келісіп, уақытша нысандарға орналастыру жұмыстары жүргізіледі.
Аудан басшысы тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды. Бұндай қиын кезде жұдырықтай жұмылып, бірге еңсеру керек екенін еске салды.
– Жағдайдың өте ауыр екендігін түсінемін. Бұған дейін тиісті шаралар жүргізілмеді, қауіпсіздік талаптары қадағаланбады деп ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ. Бұл орталық базарда болған екінші жағдай. Осыған дейін де базар ғимараты өртке оранған болатын. Болған жағдайға өкінгенмен ешнәрсе өнбейді. Сондықтан да ұйымдасқан түрде, бірлесе әрекет жасауымыз қажет.
Шығынға батқан сауда орындарын жалға алушылар ісін қайта бастағысы келеді, өйткені олар үшін жазда жұмыс қыза түседі. Сіздер белгілеп берілген жерде кәсіптеріңізді жасауға мүмкіндік аласыздар. Аз мөлшерлемемен және қайтарымсыз несие алуға бар мүмкіншілікті жасаймыз. Бұл іс тікелей менің және құзырлы органдардың бақылауында болатындығын жеткіземін, – деді Мұрат Нәлхожаұлы. Бұдан соң жауапты сала басшыларына кәсіпкерлерге несиені төлеуде мерзімді ұзарту туралы банктермен келісім жүргізуді, басқа да мәселелерді уақытында үйлестіруді тапсырды.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ