Бағыт берген жүздесу

Келелі жиынға Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов пен кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхаммед Болатбеков арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Алдымен М.Ергешбаев аудандағы жас кәсіпкерлердің көрмесімен және жастар ресурстық орталығының атқарылған жұмыстарымен танысты.
Маңызды шараны аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Ахметов жүргізіп отырды. Кездесуде аудан басшысы бүгінгі жас буынға мемлекет тарапынан әрдайым қолдаудың барын және Елбасының ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар аудан жастары басқарма өкілдері тарапынан Жастар жылына орай ұйымдастырылған, сонымен бірге алдағы атқарылатын істерінен құлағдар болды.
Аудан басшысымен кездесуге жиналғандар көкейтесті сұрақтарын қойып, өздерінің тың ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сауалдар негізінен әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының тұрақты түрде жүзеге асуы, кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік жасау жайын қамтыды. Сондай-ақ кәсіпті ашу жолдарын үйрену үшін қазақстандық атақты кәсіпкерлермен тренинг өткізілсе деген ұсыныстар да айтылды.
Кездесу барысында аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы жастар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-тілектер назарда ұсталатынын ескертті. Барлығының да оңтайлы шешілу жолдары қарастылатынын жеткізді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА