Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Лаоста ГЭС дамбасы бұзылып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалды

Лаоста ГЭС дамбасы бұзылып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалды

  Лаостың Аттопе провинциясында Гидро электр стансысы бөгетінің бұзылуы салдарынан бірнеше адам қаза тауып, жүздегені із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы сейсенбі күні жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
  Төтенше жағдай Лаос астанасы Вьентьяна қаласынан 570 шақырым жердегі Аттопе провинциясында болды. Дүйсенбі күні сағат 20.00-де гидроэнергетикалық дамба бұзылып, 5 млрд текше метр су бүтін бір ауданды шайып кетті. Салдарынан бірнеше адам ажал құшты. Жүздеген адам із-түзсіз жоғалды.
 Лаос премьер-министрінің кеңсесі сейсенбі күні жариялаған құжатта мәлім етілгендей, зардап шеккен ауданда төтенше жағдай жарияланып, барлық қоғамға гуманитарлық көмек көрсету операцияларына белсенді қатысуға үндеу тасталды.
  ГЭС-ті Корея, Лаос және Таиланд Республикаларының кәсіпорындарынан құралған консорциум салып жатыр. Құрылыстың қаржысы негізінен оңтүстіккореялық капитал есебінен қамтамасыз етілген. Оның жалпы қуаты 410 мың киловатт болмақ. Құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталған. ГЭС-ты 2018 жылы іске қосу жоспарланған еді

inform.kz
25 шілде 2018 ж. 1 215 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 120

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 122

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031