Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны

Мемлекеттік рәміздер – халықтың рухын, ұлттың салтын, ержүректігі мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жетелейтін ерекше құнды белгілер. Биыл Мемлекеттік рәміздерге 28 жыл толып отыр. Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңға қол қойды. Осы күннен бастап Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің алдына Мемлекеттік Ту тігіліп, Елтаңба ілінді.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн, қалықтай ұшқан қыран мен ұлттық өрнек бейнесі Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтың еңбегі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, оны айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң және сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде бес бұрышты көлемді жұлдыз, төменгі жағында «QAZAQSTAN» деген жазу бар. Елтаңбада бейнеленген нысандар алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбаның авторы – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлихановтың қыруар еңбектерінің жемісі.
«Менің Қазақстаным» атты танымал болған ән Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні болып еліміздің Парламентінде бекітілді. Алғаш рет 2006 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әні композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
Мемлекеттік рәміздер туралы конституциялық заңда «Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ республика аумағындағы тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс» деп тайға таңба басқандай айтылған. Сондықтан туып-өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасына терең мән беріп, тұмардай қасиет тұту әрбір Қазақстан азаматының айбынды борышы.
Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерді заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуға міндетті.
Н.НҰРЖАУБАЕВ,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»
КММ-нің Қазалы аудандық филиалының
ІІ-санатты архивисті
09 маусым 2020 ж. 3 465 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 63

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930