Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рәміздер – ел беделі

Рәміздер – ел беделі

Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің №75 топ студенттерімен №5 кенттік кітапхананың бірлескен түрде «Рәміздер – ел беделі» атты тарихи -танымдық сағат өткізілді.
Тарихи танымдық кештің мақсаты: Отаншылдық, ұлтжандылық, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны құрметтеу.
Кеште Экономика және құқық пәнінің оқытушысы Медеубаева Айнұр: Мемлекеттік рәміздер- еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі барысында айтып, кешті ашық деп жариялады.
Кеш барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелініп, мемлекеттік ән ұраны айтылды.
Егемен мемлекетіміздің басты құндылықтары-рәміздер, елтаңба, ту туралы мұғалім Ибайдулаева Айгерім бейнебаян арқылы кеңінен насихаттады.
№5 кенттік кітапхананың кітапханашысы: Алмагүл Орынбай ақын Адырбек Сопыбековтің «Тілмен көзден сақтағайсың!» атты өлеңін мәнерлеп оқыса, «Рәміздер- елімнің белгісі» атты кітап көрмесімен кітапханашы Айгүл Жұбан таныстырды.
Колледждің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Серік Ералы: Отанымызды шексіз сүюге басты құндылығымыз- мемлекеттік рәміздерімізді құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенімізді ұмытпайық!-деген сөзімен кешті қорытындылады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
05 маусым 2018 ж. 2 457 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930