Мемлекеттік рәміздердің мәні тереңде
Әрбір елдің дербестігі мен тәуелсіздігін төрткүл дүниеге танытатын өзіне тән рәміздері болады. Мұны неге қозғап отырмыз? Себебі 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Рәміздер – халқымыздың рухын, қаһармандығын арман-мақсатын жеткізетін құнды белгілер.
Ең алғаш Қазақстан рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын. Демек биыл 32 жыл толып отыр. Бастапқыда Ту мен Елтаңба, артынша Гимн бекітілді.
Қазақстан Гимніне екі мәрте өзгеріс енгізілген. Алғашқысы 1992 жылы болса, екіншісі 2006 жылы жаңартылды. Неге? Себебі, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев әнге Мемлекеттік Гимннің жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Осылайша 2006 жылдың 6 қаңтарында Палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіліп, жаңа Гимнді бекітті. Оған қазақ халқына танымал «Менің Қазақстаным» әні таңдалды.
Ең алғаш Қазақстанның Мемлекеттік Гимні 1994 жылдың 12-27 ақпаны аралығында Лиллехаммерде өткен ХVII Қысқы Олимпиада ойындарында салтанатты түрде орындалды. Бұл тарихи қуанышты бізге тарту еткен шаңғышы Владимир Смирнов болатын. Жат ел Гимнімізді қосыла шырқап, Туымыздың көкке көтерілгенін тамашалады. Мұнан бөлек бүгінге дейін түрлі Олимпиадалар мен Халықаралық ойындарда елдің спорт саңлақтары Гимнді сан мәрте шырқатып, көк байрақты қаншама рет биіктерде желбіретті десеңізші?!
Әлемдік аренада мінберде тұрып, «Менің елім – Қазақстаным» деп жүрегіне қолын қойған спорт марқасқаларының көздеріне еріксіз жас келгенін көріп жүрміз. Ерік-жігері мен ұлтжандылығы, ел намысын қорғаған олардың Мемлекеттік рәміздерімізді әлемге танытуда қосқан үлестері орасан зор.
Көптеген жерде Тумен қатар қойылған Елтаңбаны байқауға болады. Оған жақын барып қарасаңыз, ең алдымен ондағы шаңырақ көзге оттай басылады. Бұл халықтар достығының белгісі. Қазақтың «шаңырғың биік, босағаң берік болсын» дегені осыдан қалса керек. Одан соң Елтаңбаның сол және оң жағында қанатты қос пырақ бейнеленген. Бұл да тек көктен көрінсін деген мағынаға саяды. Төбесіндегі жұлдыз әрқашан Мемлекеттің болашағы жарық болсын деген ниетті растап тұрғандай.
Елбасы Мемлекеттік рәміздер туралы «Біз тәуелсіздікке аңсап, сағынып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеп, қастерлеуіміз қажет. Әрбір қазақ баласы елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтуы керек, Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы», – деген болатын. Өйткені ол елдің өзіндік салтын, болмысын, өзге елдермен байланыс орнату мұратын білдіретін айырықша белгі.
Ел дамуының ажырамас бөлігі болған рәміздерді әрқашан құрметтеп, ерекше қастерлеуіміз қажет. Сол арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, батылдыққа жетелейміз.

Абзал ЖОЛТЕРЕК