Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Бүгін Әйтеке би кентіндегі Рәміздер алаңында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев баршаны елдің ел, мемлекеттің мемлекет екендігін айқындайтын Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

– Мемлекеттік рәміздер – елдің бет-бедерін айқындайтын шартты бір рәсім ғана емес, ол сол елді қалыптастырып отырған халықтың айбынды мақтанышы. Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның қасиеттілігі сол – Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі азаматтары өсіп келеді. Сондықтан бүгінгі мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, зор бақыт,амандық және Отанымыз – Қазақстанның гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін, – деді аудан әкімі М.Ергешбаев.

Бұдан кейін шарада мемлекеттік қызметке қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант берді.

Ұлттық мақтанышымыз – мемлекеттік рәміздер күніне орай өткен шарада ел игілігі жолында абыройлы қызмет еткен бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
04 маусым 2019 ж. 2 117 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 41

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 35

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 48

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 47

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 50

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031