Kaspi Gold шотын үйде отырып ашуға болады
Kaspi.kz ұялы қосымшасы арқылы үйде отырып-ақ ашуға болады.
Мемлекеттен көмек ретінде 42 500 теңге жәрдемақы беріледі деген кезде банктерде ұзын-сонар кезек пайда болды. Әлеуметтік төлем сол банктегі есепшотқа түседі делінген болатын. Сондықтан шот нөмірінің болуы міндеттелді.
Ал карантин кезінде халықтың жиналуына тыйым салынған. Десе де тұрғындар шот нөмірін алуға қаржы ұйымдарына баруға мәжбүр болды.
Kaspi Gold шотын үйден шықпастан, Kaspi.kz қосымшасында онлайн ашуға болады.
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе: «Біз карантин кезінде қазақстандықтардың әлеуметтік төлемді алу үшін шот ашуға банктердің бөлімшесіне барып жатқанын көріп, қатты қобалжыдық. Осыған орай командамыз рекордтық мерзімде ең заманауи технологияларды қолдана отырып, инновациялық сервисті іске қосты. Клиенттерімізге айтқым келеді. Енді бөлімшеге барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бұдан былай үйден шықпастан, Kaspi Gold шотын Kaspi.kz қосымшасында ашып, әлеуметтік көмекті алу үшін пайдалануға болады», – деді.
Үйде отырып кaspi.kz көмегімен Kaspi Gold шотын ашып, әлеуметтік төлемге қажет шот нөмірін алуға болады. Карточканы дәл қазір алудың қажеті жоқ. Оны төтенше жағдай мерзімі біткен соң да алсаңыз болады.
Сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасы арқылы картасыз аударым жасап, төлем төлеп, сауда істеумен қатар, Kaspi-банкоматтан комиссиясыз ақша шешуге де болады.
aikyn.kz