Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Kaspi bank қайғылы отбасының несиесін түгел жапты

Kaspi bank қайғылы отбасының несиесін түгел жапты


  Өрт салдарынан 5 баласынан айырылған астаналық Ситерлер отбасының 4 банктен алған несиесі бар екен. Оның бірі - Kaspi bank. Қалған үшеуі белгісіз.Бүгін Kaspi банк басшылығы отбасының қайғысына ортақтаса отырып, аталмыш банктен алған несиелік қарызын түгел жабуға шешім қабылдапты. Бұл ақпаратты Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне банк өкілдері растады.
"Біз бұл қайғылы жаңалықты естіп таң қалдық. Kaspi.kz-тің басшылығы Ситерлер отбасының несиелері бойынша қарызды жабу туралы шешім қабылдады", - деді банк өкілі.
   Айта кетейік, қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні болған. Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орналасқан "времянкада" түнгі үште өрт шыққан. Көп ұзамай уақытша салынған баспананың шатыры қирапты. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 03.24 кезінде жеткен, өрт сөндірушілер жалынды бір сағаттан соң сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылған.
   Олардың ата-анасы төтенше оқиға кезінде жұмыста болыпты.
05 ақпан 2019 ж. 2 184 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930