Kaspi bank бұрынғы қызметкерін тауып берген адамға 10 млн теңге сыйақы бермек
Kaspi bank бұрынғы қызметкерін тауып берген адамға 10 млн теңге сыйақы бермек деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы банктің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған.
"Павлодарда Kaspi-дің бұрынғы қызметкері Сексембаев Руслан Владиславович банктің атын жамылып, Kaspi-дің клиенттерін алдап келген.
⠀
Кепілдегі жылжымайтын мүлікті сатып алуға көмектесемін деген уәдемен ол жәбірленушілерді өзінің шотына қаражат аударуға көндірген, содан кейін қашып кеткен.
⠀
Қазір полиция тергеу-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
⠀
Kaspi қылмыскерді тауып, жазалау, клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс жүргізуде.
⠀
Алаяқтың қазіргі орналасқан жері туралы ақпарат үшін Kaspi 10 000 000 теңге мөлшерінде сыйақы тағайындайды.
⠀
Деректерді +7 705 211 16 93 телефон нөмірі арқылы Kaspi-дің қауіпсіздік қызметіне хабарлауға болады.
⠀
Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осы адамның әрекеттерінен зардап шексеңіздер, Павлодар қаласының құқық қорғау органдарына арызбен жүгінуді сұраймыз.
⠀
Банкпен жасалатын барлық қаржылық қатынастардың шартпен бекітілетінін естеріңізге саламыз. Банк ешқашан біреудің шотына қаражат аударуды талап етпейді.
⠀
Мұқият болыңыздар! Өз ақшаңызды алаяқтарға сеніп тапсырмаңыздар!", - делінген хабарламада.