Берекелі бірлік пен тату тірлік
Қазалы қаласында «Алғыс айту» күніне орай мерекелік шара өтті. Осы күні бірнеше ұлттың өкілі қалалық мәдениет үйіне жиналды. Бір-бірімен емен-жарқын амандасқан жандардың жүзінен ортақ Отанға деген сүйіспеншілікті, адамдар арасындағы татулық пен достықтың жарқын көрінісін анық аңғардық. Бір топырақта ынтымақтаса өмір сүріп жатқан Қазалы халқы биылғы Алғыс айту күнін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Мерекеге орай көрме ұйымдастырылды. Онда түрлі ұлт өкілдерінің тағамы, музыкалық аспаптары және кітаптар қойылды.
Сахна шымылдығы «Земля моя – Казахстан» әнімен ашылды. Өнерпаздар Қазақ жеріне Орал халқының жер аударылу сәтінен көрініс көрсетті. «Бәрімізге белгілі, бұл мереке ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанға жаппай жер аударылған сан алуан этностар өкілдеріне қайырымдылық көрсетіп, бауырына басқан қазақтарға және барлық халықтардың бір-біріне Алғыс айту күні ретінде атап өтіледі. Бұл Қазақстанда бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құруының айғағы», – деген жүргізуші аудан әкімі Мұрат Ергешбаевқа сөз берді.
– Қадірлі жерлестер, құрметті қала тұрғындары баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Елбасы Жарлығымен күнтізбеге енген атаулы күннің маңызы зор. Өйткені кешірім адамгершіліктің арқауы болса, алғыс айту – берекелі бірліктің бастауы. Бұл мереке тағдыр жазуымен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына ризашылығын білдіретін, бір-бірімізге ортақ сый-құрмет көрсететін ерекше күн. Осы сәтті пайдалана отырып, қоғамдық келісімді нығайтуға, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан барша аудан тұрғындарына шынайы алғысымды білдіремін. Ұлтаралық татулықты сақтауда Елбасы жетекшілік ететін Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше. Қазір елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс бар. Ал Қазалы ауданында 13 түрлі ұлттың 600-ге жуық ұрпағы тату-тәті өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы қазақ тілін, салт-дәстүрін жетік меңгерген. Ортақ үйіміз – ел дамуына үлес қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді.
Тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған халықтың осындай берекелі бірлігі мен тату тірлігі Қазақстанның басты жетістігі. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырылы болсын, ағайын, – деді аудан басшысы. Бірқатар ұжым мен азаматтарға алғыс хат табысталды.
Бұдан соң өзбек ұлтының өкілі Муаззам Рахметова қазақ халқына деген жүрекжарды тілегін арнап, М.Шахановтың «Егіз ел» өлеңін оқыды. Мерекелік кеште бишілер қазақ, өзбек және түрлі ұлттың биін биледі. Орыс ұлтының өкілі Наталия Баркова Абайдың «Көзімнің қарасы», татар ұлтының өкілі Гульзар Аманова «Кубалягим», Галина Шамина «Сильные люди сильной земли», өзбек қызы Нафиса Жума «Зрелость» және Берік Әбиев «Атамекен» әндерін орындады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА