Тапсырыс талабынан табылған
Теміржол саласы қашан да мемлекеттің даму бағытында ерекше маңызға ие. Бүгінде бәсекеге қабілеттілікке иек артып, өзгелермен иық тірестірер жағдайға жеткен болат жол мамандары да уақыт талабына ілесуде. Экономиканың өзегi, мемлекетiмiздiң қуатты жүйесiн құрайтын саланың ауданда да тындырған тірлігі ауқымды, мақсаты айқын. Осындай игілікті істерімен өзге әріптестері арасында қажырлы еңбегінің арқасында жұмыс көрсеткіштерінің орындалуы, қозғалыс қауіпсіздігіне қосқан үлесімен танылған Қазалы локомотив жөндеу зауыты өткен жылды нәтижелі көрсеткіштермен қорытындылады.
Ұжым әлеуметтік және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуде 2019 жылдың 12 айының қорытындысымен локомотив жөндеу бойынша негізгі тапсырыс беруші мекемелердің барлық түрдегі жөндеу жұмыстары 100 процентке орындалған. Нәтижесінде 2 819 836 мың теңге көлеміндегі қаржыға қол жеткізген.
Олардың қатарында жөндеудің алуан түрлері бар. Мәселен, былтыр 3 дана «ТЭМ-7», 7 дана «ТЭМ-2» тепловоздарына күрделі жөндеу жүргізілсе, 19 «ТЭМ-2» тепловозына КТҚК-8 цыклді күшейтілген техникалық қызмет көрсетілген. Өндіріске қосылған 60 «ТЭМ-2» тепловозы ТҚК-8, 7-уі қызмет көрсетудің ТҚК-7, 14 «ТЭМ-2» ТҚК-6, аталмыш тепловоздың 100 данасына ТҚК-3 санатымен техникалық қызмет бойынша жұмысшы-қызметкерлердің еңбегі сіңді.
Жыл соңында зауыттықтар жылжымалы құрамды жөндеу саласының қызмет көрсету спектрін кеңейту және жетілдіру жолында қажырлы қимыл көрсетіп, серіктестік қатынастарының ауқымын ұлғайту арқылы локомотив шаруашылығының дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін марапатқа ие болды. Еселі еңбегімен еленгендерге «Қамқор Локомотив» ЖШС-ның бас директоры М.Әміровтің дипломы және Қамқор Менеджмент басқарушы компаниясы тарапынан «Алынбайтын қамал жоқ, бағындырмайтын белес жоқ» атты серіктестер белгіленген Қазақстан картасы табыс етілді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан өндірісті модернизациялау шараларына орай мұнда 2020-2024 жылдарға арналған болжамдар жасалып, ауқымды іс-шаралар жоспары белгіленген. Ынтымақтаса білгеннің ұтары көп. Бұл сөз бүгінгі қоғамның кредосына айналған. Алдағы күндерге белгіленген жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында өндіріс орны Қазақстан және Ресей мемлекетінің алпауыт мекемелерімен тығыз байланыс түзген. Танымал «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, қостанайлық «Соколов–Сарыбай» кен байыту өндірістік бірлестігі, қарағандылық «Арселор Миттал-Темиртау», «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамдары, шығысқазақстандық «Востокцветмет», «Казцинк», Өскемендегі еліміздің түкпір-түкпіріндегі “Казцинк Темир Транс” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері – ірі металлургия орталықтары тұрақты тұтынушылар. Ресейлік ФГУП «ЦЭНКИ» -Космический центр «Южный», «Алюминий Казахстан», «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем» акционерлік қоғамдары қазалылық жұмысшылар ісіне дән разы. Бұдан бөлек еліміздің түкпір-түкіріндегі өндірісті өркендетіп, алыс-жақын шетелдерге сапалы өнімдерімен танылған “Темирсерик”, “ЖелдорТранс Актобе”, «Казыгуртжолы”, «Батыс Пластик», «Болат Жол», «Таукен», «Акжайык-7», «Жанатас-Продактс», «ТТК Шиели», «Богатырь Комир», «Бұхтырма цемент-компаниясы», «Экибастузская ГРЭС-1», «Актобе Гранд-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері теміржол көліктерінің анықталған ақаулары біздің ауданда қайта қалпына келеді.
Тәртіпті – табыс тұтқасы санайтын зауыттың түрлі цехында еңбек етушілер қысы-жазы ауа райының тосын мінезіне қарамай, халық шаруашылық жүктерін, жолаушылар тасымалдайтын көлікті кідіртпеуге күш салады. Ұжым шыққан үденің негізі тәртіп пен ауызбіршіліктің нәтижесі екендігін топшылау қиынға соқпайды. Шойын жолдың қызығы мен шыжығын қатар көріп жүрген жұмысшылар берілген тапсырманы орындауда кәсібилігі мен біліктілігін көрсетуден жаңылған емес. Қатарларында тындырымдылығымен танылып, өзгелерге үлгі болған техникалық директор Қайрат Мошанов, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Радж Ахмет, жоспарлау бөлімінің бастығы Жалғасбек Үмбетов, бас механик Серік Әбдіразақов, шеберлер Бектай Мұқашов, Қыпшақбай Маханов, Руслан Назаров, Шынболат Рысмамбетов, Берік Жеңсікбай сынды мақтаулы мамандар бар. Олардың әрбірі теміржолда тер төгіп, қолданыстан шыққан тетік кілтипанын тамыршыдай дәл табатын ерекше қасиетке ие.
Нарықтық қоғамда кіріс көлемін ұлғайтумен бірге жұмыс орнын сақтап қалу мәселесі күн тәртібінен түспейді. Қазіргі таңда 430 жұмысшы-қызметкердің басын қосқан іргелі кәсіпорында жұмыс ауқымының тұрақтылығына байланысты кадрларды қысқарту жоспарланбаған. Олардың әлеуметтік жағдайы мен техникалық қауіпсіздігі қашан да қатаң қадағалауда.
Осы жолда тер төгіп, тәжірибеге теориялық білімін қосып, өз кәсібін дамытуда талай жыл жемісті еңбек етіп келе жатқан Қазалы локомотив жөндеу зауытының директоры, Құрметті теміржолшы Нұрлан Әлмағамбетов: «Біздің мақсат сапалы қызметімізбен тапсырыс берушілер талабынан табылу. Бұл сауысқандай сақ, қырандай қырағылықты талап етеді. Қателесуге, уақыттан кешіктіруге жол жоқ. Себебі бүгінгі уақыт талабы солай.
Теміржол саласының ел көрсеткіштерін еселеудегі маңызы бұрын қандай болса, әлеуетін әртараптандырып, индустрияландыруға көшіп жатқан қазіргі уақытта да, келешекте де салмағы артатыны анық», – деді бізбен әңгімесінде. Ұтырлы ұйымдастырушы, білікті басшының салмақты пікірінен ұжымның үстіміздегі жылы да алдыңғы саптан көрінуге бет түзгенін байқадық.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА