Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шойын жолдың шеберлері

Шойын жолдың шеберлері

Қазақстанда тамыз айының алғашқы жексенбісінде дәстүрлі түрде көлік саласы қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Осыған орай өңірдегі «Қамқор Локомотив» ЖШС-ның Қазалы локомотив жөндеу зауытында теміржолшылардың төл мейрамына арналған мерекелік салтанат өтті.

Айтулы шараға жұмысшы-қызметкерлер мен зейнет жасына шыққан алдыңғы буын арда­гер­лер шақырылды. Алдымен құт­тықтау сөз сөйлеген зауыт директоры Нұрлан Әлмағамбетов бірінші жартыжылдықтың мақсат-міндеттері үлгілі атқарылғандығын айтып, ұжымдастырына алғыс білдірді. Осы кезге дейін 121 тепловоз жөндеуден өтіп, Хромтау қаласындағы «Қаз­хром» АҚ, Өскемен қаласындағы «Казцинк» ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ сынды ұжымдармен әріптестік сәтті жалғасын тауып жатқандығын тілге тиек етті. Бұдан әрі зауыт жұмысшылары Алтынбек Өтепов, Серік Есенов, Асылбек Өмірзақов әріптестеріне ақжарма тілектерін арнады.

Үздік жұмыс атқарғандар марапатталып, дизель дайындау цехының жөндеушісі Абдулла Тілеуқабылов Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Алғыс хатымен және экономикалық жоспарлау бөлімінің таксировщигі Асылзат Аймаханова «Қамқор Менеджмент» ЖШС-і Бас директоры Д.Сүлейменовтың Алғыс хатымен және бірқатары зауыт әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының сыйлықтарымен марапатталды.

Мерекелік кешке жиналған темір­жол саласының мамандары мен ардагерлері кең жайылған дастарқан басынан дәм татып, көңілді тарқасты.

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
06 тамыз 2019 ж. 1 324 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 212

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930