Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көркемсөзге ынтық Кәусар

Көркемсөзге ынтық Кәусар

Қазақта “Бұлақ көрсең көзін аш” деген аталы сөз бар. Бұны бойында таланты бар жеткіншектердің биік самғауына мүмкіндік беру деп түсінсек қателеспейміз. Осындай үлгілі шаралар қатарында республикалық “Мәңгілік ел алыптары” байқауының іріктеу сынағы Қызылорда қаласында өтті.

Оған аймақтың әр түкпірінен жас таланттар жиналып, өнер көрсетті. Мұнда бабы келіскен қазалылық бүлдіршіннің жұлдызы жанды. Жүзден жүйрік шыққан “Ақерке” бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Кәусар Жамиғат көркемсөз оқитындар арасында «GRAND PRIX» жүлдесін жеңіп алып, Алматы қаласында өтетін кезеңіне жолдама алды. Оның жетекшісі Әйгерім Шманова “Үздік педагог” номинациясын иемденді.
– Бұл сайысқа бар күш-жігерімізді жұмсадық. Күн сайын уақытпен санас­пай дайындық жүргіздік. Бойында өнері мен білімі үйлескен баламен жұмыс жасау маған аса ауыр болған жоқ. Бүлдіршінге жан-жақты қолдау білдірген ата-анасына да алғысым шексіз, – дейді ол.

Анар АХМЕТОВА,
№1 «Ақерке» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
08 ақпан 2020 ж. 1 111 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031