Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Балауса талант белесі

Балауса талант белесі

Қазалы қаласындағы №1 «Ақерке» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Абылайхан Ерпайызов кішкентайынан алғыр, зеректігімен көзге түскен.
Ол төрт жасқа аяқ басқан кезде аудандық көркемсөз оқу сайысында, бұдан соң Ақтөбе қаласындағы Абай өлеңдеріне арналған көркемсөз оқудың республикалық байқауында бірінші орын тұғырынан көрінді. Балабақшаның музыка жетекшісі Еркебұлан Нағымет ағайының дайындауымен ақын М.Жұмабаев, М.Мақатаев және Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқумен бірге ән айтып та бағын сынады.
2019 жылғы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында өткен «Тәуелсіздікке тарту» атты дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық додада «Мен қазақпын» әнін орындап, эстардалық вокал номинациясы бойынша бірінші орын иемденді.
Жақында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ильясованың ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген дарынды балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жұлдыз болғың келсе...» республикалық өнер байқауына қатысып, эстрадалық вокал жанры бойынша үшінші орын алып, туған жерге қуанышпен оралды.
Эльмира ШӘМЕТОВА
28 қаңтар 2020 ж. 965 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031