Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Асхат Аймағамбетов: “Бір орында 20 жыл отырған директорлар бар”

Асхат Аймағамбетов: “Бір орында 20 жыл отырған директорлар бар”

Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын таныстырды.

2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару облыстық деңгейге ауысады.
«Білім беруді басқару, қаржыландыру да өте өзекті проблемалардың бірі. Осыған орай 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару облыстық деңгейге ауысады. Қаржыландыру да облыстық деңгейге көтерілетін болады. Ол өңірлер мен мекемелер арасындағы білім алшақтығын азайтуға, жеткілікті деңгейде қаржыландыруға бағытталады» деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар министр кейінгі кездері білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындау тәртібіне қатысты сұрақтар көбейіп отырғанын айтты.

«Мысалы бірқатар ұйым басшысы 20 жылдан астам уақыттан бері бір орында жұмыс атқаруда. Басқару менеджменті бойынша да бүгінгі күні шынын айту керек, сұрақтар көп және бұл мәселе сын көтермейді.
Сондықтан балабақша, мектеп, колледж директорларын жаңа жүйеде тағайындайтын боламыз. Оған қоса, алдағы уақытта ротациялау арқылы ауыстыру жүйесін де қолданамыз. Заманауи талаптарға сәйкес дербес басқарудан корпоративті басқаруға білім саласы да көшетін болады» деді министр.
22 желтоқсан 2019 ж. 736 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 269

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 68

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 69

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031