Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық санағына 4 ай қалды. Қазақстандықтар қандай сұрақтарға дайын болуы керек?

Халық санағына 4 ай қалды. Қазақстандықтар қандай сұрақтарға дайын болуы керек?

Биыл елімізде өтетін жалпыұлттық санаққа Қазақстанның барлық азаматы қатысады. Сондай-ақ, шарадан өзге мемлекетте уақытша немесе тұрақты тұратын отандастарымыз да, керісінше, Қазақстанда уақытша немесе тұрақты түрде тұратын шетел азаматтары да шет қалмайды.

Халық санағы екі кезеңде өтеді

Үкіметтің 2010 жылғы 11 қазандағы Ұлттық санақтарды өткізудің ережелері мен мерзімдері туралы қаулысына орай, республика азаматтарын санау әрбір он жыл сайын жүргізілуі тиіс. Соған сәйкес, 2009 жылдан кейін былтыр өтуі тиіс есеп бір жылға шегерілген болатын.
Халық санағының кезеңдері:
  1. 1-30 маусым аралығы. Бұл мерзімде интервьюерлер әрбір елді мекендегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың мекенжайын, онда тұратын адамдардың нақты санын анықтайды. Сонымен қатар, әрбір ғимаратты жергілікті картаға енгізеді.
  2. 1-30 қазан аралығы. Санақтың алғашқы 15 күнінде интернет арқылы сауал жүргізілетін болса, онымен қатар интервьюерлер планшеттік компьютерді қолдану арқылы жаппай сауалнама жүргізеді.

Биылғы санақтың басты ерекшелігі қандай?

Бұл жолғы санақтың бұрынғыларынан басты ерекшелігі – қағазсыз, яғни, электронды форматта өткізіледі. Бұл үшін арнайы планшеттер сатып алынады. Яғни, қазақстандықтар науқан басталғаннан кейін, интернет арқылы ЖСН нөмірімен жеке деректерін санақ жүргізілетін сайтқа тіркейді. Әрмен қарай онлайн түрде қойылған сауалдарға жауап береді. Жеке деректер бірден планшеттерге енгізіліп, ақпарат онлайн түрде sanaq.gov.kz сайтына жіберіледі.
Мұндай тәсіл елден жырақта жүрген отандастарымыздың да санаққа қатысуына мүмкіндік береді. Интернет жүйесі арқылы мәлімет берген респондеттерге интервьюерлер сауалнама жүргізбейді. Статистика комитетінің өкілдері "интервьюер эффектінің" болмауы азаматтардың сұрақтарға қысылмай жауап беріп, мәліметтердің толық алынуына әсер ететінін айтады .

Ауыл халқы жалпыұлттық санаққа іліге ме?

Сауалнама түгелдей ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асады деп жоспарланғандықтан, ғаламторға қосылмаған ауылдардың тұрғындарының санаққа қатысуы алаңдатары анық. Дегенмен, шалғай елді мекендердегі тұрғындардың саны мен әл-ауқатын санақшылар дәстүрлі түрде үй-үйді аралап есептейді. Тек адамдардан алынған жауаптар бұрынғыша қағазға жазылмайды, санақ жүргізушінің қолындағы планшеттік компьютерге толтырылады.

Санақ қалай жүргізіледі?

Респонденттер өзі және отбасы мүшелері үшін онлайн режимде Sanaq.gov.kz сайтында санақ парақтарын толтыра алады. Бұл жүйе тәулік бойы қолжетімді болғандықтан, азаматтардың сауалдарға қалаған уақытында жауа беруіне болады. Сондай-ақ, сауалнаманы толтыруды уақытша тоқтатуға және ыңғайлы уақытта жалғастыруға мүмкіндік бар.
Ал мамандандырылған сайт респондентке санақ парақтарын толтыру барысында қажетті нұсқаулықтар мен әзір жауаптар ұсынады. Сондай-ақ, виртуалды көмекші сауалнаманы толтырып, санақтан өтуге жәрдем береді.
Айта кетейік, Sanaq.gov.kz сайты жақын күндері тест режимінде іске қосылады.

Санақ кезінде қандай сұрақтар қойылады?

Санақ кезінде азаматтардан барлық санат бойынша жауап алынады. Санақ парақтарында жалпы саны 65 сұрақ қамтылған. Онда отандастарымыздың жеке басына қатысты сауалдар мен ғимараттардың жай-күйі де жазылмақ. Респонденттер:
  1. тұрғылықты жері;
  2. білімі;
  3. тілді меңгеруі;
  4. сауаттылығы;
  5. діні;
  6. некелік жағдайы;
  7. туу көрсеткіші;
  8. жұмыспен қамтылуы;
  9. еңбек өтілі;
  10. денсаулық жағдайы;
  11. мүгедектігі;
  12. күнкөрістің негізгі қаражат көзі;
  13. тұрмыс-тіршілігіндегі шектеулері туралы сұрақтарға жауап береді.

Санақ жүргізушілерге қанша ақы төленеді?

Халық санағын өткізу кезінде санақ персоналымен көрсетілген қызметтерді толық көлемде орындағанда 1-кезең интервьюеріне – 75 743 теңге, 2-кезең интервьюеріне – 94 697 теңге төленеді. Ал нұсқаушы-бақылаушыларға – 113 614 теңге сомасында төлем көзделген. Еңбекақы өтеулі қызмет көрсету туралы шарт аясында төленбек.

Биылғы санаққа бөлінген қаржы қалай жұмсалады?

Ауқымды шараға 8 млрд 211 млн теңге жұмсалады деп көзделіп отыр. Бұл қаржы келесі мақсаттарға жұмсалмақ:
  • 3 756 млн теңге – санақ жүргізушілер қызметтеріне төлем;
  • 1 086 млн теңге – 27 412 планшетті сатып алу;
  • 933 млн теңге – "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйені дамыту;
  • 845 млн теңге – 653 жұмыс станциясын, жиһаздар, кеңсе тауарларын сатып алу, көлік пен орын-жай жалдау, байланыс қызметтері және өзгелер;
  • 634 млн теңге – деректерді өңдеу, дайындау, жинақтарды тираждау және тарату;
  • 475 млн теңге – 139 автокөлік құралдарын сатып алу;
  • 356 млн теңге – іссапар шығыстары;
  • 126 млн теңге – нұсқаулықтарды тираждау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, картографиялық материалдарды дайындау.
27 қаңтар 2020 ж. 870 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930