Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық санағының 2020 жылы өтуінде саяси астар бар ма?

Халық санағының 2020 жылы өтуінде саяси астар бар ма?

Қазақстанда халық санағы 2019 жылыдң қазаны мен 2020 жылдың наурыз айлары аралығында өтеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов Парламент Мәжілісі кулуарында мәлімдеді.

«Халық санағы өтетін нақты мерзімді айта алмаймыз. Биыл қазанға жоспарладық. Бірқатар себептерге байланысты 2020 жылға ауыстырдық. Бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр. Үкімет соңғы шешімді қабылдайды. Нақты мерзімді айта алмаймын. Уақытын жылжыту сайлауға қатысы жоқ. Бір себебі ол практикада халықтың мобильділігі төмен кезде санақ жүреді. Ол – күз бен қыс кезеңі. Жазда еңбек демалысы көп, көктемде де, күз басында да даладағы жұмыстар жүреді. Қазан мен наурыз аралығы қолайлы», - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, халық санағы ТМД елдер президенттерінің шешімі бойынша 2019 жылдың қазаны мен 2020 жылдың наурызы айларының аралығында өтпек.

«Біз осы мерзімге сәйкес келеміз деп ойлаймыз. Үкімет шешім шығарғаннан кейін жұмыстарды жалғастырамыз. Бірқатар мәселеге байланысты 2020 жылға ауыстыру туралы ұсыныстар келді. Ешқандай саяси астары жоқ», - деп айтты Айдапкелов.

Статистика комитетінің төрағасы толықтай қағаздан бас тартып, оның орның планшеттер алмастыратынын атап өтті. Оған қоса халыққа санаққа өздері қатыса алатындай балама әдіс берілмек. Әр адамға кіріп, өз мәліметтерін енгізе алатын мамандандырылған сайт әзірленді. Интервьюер бәрібір оған келеді. Сайтты толтырып, санақтан өткен адамға хабарлама келеді. Ол сол хабарламаны интервьюерге көрсетеді.

Айдапкеловтан журналистер халық санағын өткізуге қанша бюджет қаржысы кететінін сұрағанда шамамен 9 млрд теңге деп жауап берді.
29 наурыз 2019 ж. 1 221 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930