Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2019 жылы халық санағы жүреді

Қазақстанда 2019 жылы халық санағы жүреді

2019 жылдың қараша айында Қазақстанда компьютерлендіру әдісімен халық санағы жүргізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
«Халық санағын 2019 жылдың қараша айында өткізу жоспарланып отыр. Негізгі жаңашылдық - компьютерлендіру болмақ. Яғни, біз арнайы интернет-портал ашып, сол ақпарат көзіне азаматтар өздері туралы мәліметті интернет арқылы жолдай алады. Сонымен бірге, санақ жүргізетін мамандар планшетпен жүріп, ақпаратты бірден мәліметтер базасына жолдап отырады. Бұл біріншіден, санақты жедел жүргізуге, екіншіден, қателікке жол бермеуге мүмкіндік береді. Яғни, ЖСН сай келе ме, жоқ па - бірден тексеріліп отырады. Тың әдістің пайдасы зор», - дейді Руслан Дәленов.
Вице-министрдің айтуынша, егер халықтың біршама бөлігі интернет арқылы тіркелсе, санақшыларға түсетін жүк айтарлықтай жеңілдейді. «Әлбетте, үйді-үйді аралап, тіркеу жүйесі қалады. Себебі, барлық адамдар интернет арқылы тіркелмесі анық. Бірақ, біздің ойымызша, ең басты артықшылық - цифрлық технологияларды қолдану болмақ. Әзірге санақты жүргізуге жұмсалатын қаржы көлемі мен қажетті штат санын есептеп жатырмыз. Бірақ, интернет технологияларды енгізу арқылы шығын әдеттегідей аз болады деп күтудеміз. Себебі, осы жылдың сәуір айында Аягөз ауданы мен Бурабай ауданында осы жүйе пилотық жоба ретінде басталады. Біз сол аудандарда интернет портал мен планшеттерді тестілеуден өткіземіз», - дейді ол. 2019 жылдың қараша айында басталатын халық санағы шамамен бір ай бойы жүргізілмек.
01 ақпан 2018 ж. 1 478 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 82

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930