Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Он саусағынан айырылған қызылордалық қолөнермен айналысып келеді

Он саусағынан айырылған қызылордалық қолөнермен айналысып келеді

Қызылордалық мүмкіндігі шектеулі жан Оңдашбай Өтеміс қолөнер шеберханасын ашты, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.
Сыр өңіріндегі Абай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Оңдашбай Өтеміс он саусағы болмаса да, қолөнершілікпен айналысады. Жақында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, шеберханасын кеңейтті.
Кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның арқасында қол жеткізген қаражатқа, күнделікті тұрмыста қолданылатын былғарыдан және маталардан тігілетін бұйымдарды тігуге арналған өндірістік тігін машинасын сатып алды.
«Шеберханамда мәсі, көрпе, жастық, тымақ, жабу, құйысқан, жүген, тоқым, айыл, киіз үй жабдықтары мен басқа да бұйымдарды тігемін. Осы өнерге жастайымнан құмар болғанмын. Көбінесе құлақшын, тымақ тігетінмін. Біраз жыл бұрын қаңтардың қатты аязында далада мал бағып жүріп, аттан құлап қалғанмын. Содан саусақтарым үсіп кетті. Амал жоқ, он саусақты да дәрігерлер кесіп тастауға мәжбүр болды. Басыма түскен бұл ауыртпалықтың жаныма батқаны рас. Бірақ аяққа тұру керек болды. Ескі кәсібім, тігіншілікті қолға ала бастадым. Шүкір, қазыр мемлекеттің қолдауына ие болып, кәсібімді кеңейтіп жатырмын», – дейді кәсіпкер.
Оңдашбай Өтемістің кәсібіне зайыбы Қиғаш қолғабыс етуде.
«Бастапқыда саусақтарының жоқ болғанына қуыстанып, жиын-тойға бармайтын. Кейін бойына қайрат бітіп, тігін тіге бастады. Балықшылар үшін ау тоқыды. Міне, осылай адал еңбекпен балаларын асырап, тәрбиелеп отыр. Отағасына ризамын», – дейді ол.
04 қазан 2018 ж. 1 388 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 136

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 193

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 160

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930