Биылғы білім бәсекесі қандай болмақ?
«Балапанды күзде санайды» дегендей, білім бәсекесіндегі жауапты науқан – Ұлттық бірыңғай тестілеу жақындап қалды. Ағарту саласындағы тәжірибеге енгізілгеніне біраз уақыт өтсе де, жыл сайынғы бақылаудың бұл түрінің өзіне тән өзгерісі болады. Биылғы білім безбенінің ерекшеліктері қандай? Қатысушы нені білуі керек? Қандай жағдайға дайын болғаны дұрыс? Бұл жолда пән мұғалімі мен ата-ананың рөлі қандай? Көкейдегі көп сұраққа жауапты ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» Әйтеке би кентіндегі филиалының басшысы Бейбіткүл Бердіхалықтан сұрап, білдік.
Өтетін орны өзгеріссіз
2019-2020 оқу жылында мектеп бітірушілерден өтініштер Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде орналасқан Ұлттық тестілеу орталығының Әйтеке би кентіндегі филиалда 2019 жылдың 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады.
Оған орта мектептердің 11(12) сынып білім алушылары қатысады. Ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаты бар тұлғалар үшін «Шет тілі» пәні бойынша ҰБТ-дан босату туралы норма енгізілген. Білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша (тізілімі ҰБТ өткізу қағидаларымен анықталады) тағайындалады.
Өткізу үлгісі – тестілеу негізде. Өткізілетін орны ҰБТ өткізу пункттері болып табылады, тестілеу мерзімі 15 -20 қаңтар аралығына жоспарлануда.
Тестілеуде бақылаушылар тобы Министрлік өкілдері кезекшілік етеді.
Тапсырмалар туралы
ҰБТ 5 пән негізінде жүзеге асады. 3-еуі міндетті болса, қосымша 2-еуі бейіндік пәндер.
Барлық тест тапсырмаларының саны – 120. Олар қазақстан тарихы бойынша – 20, математикалық сауаттылық бойынша – 20, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша – 20, бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 30 ұпайдан құралады.
Тестілеудің жалпы уақыты – 3 сағат 50 минут (230 минут).
Жоғары балл саны – 140 болса, шекті деңгей балы – 50 болып белгіленген.
Ақылы сынақты кім тапсыра алады?
ЖОО-ға ақылы негізде түсу емтихандары қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айларында жылына 4 рет өткізіледі. Ниет еткен, өтініш білдіруші талапкер алдағы жылдың 15-20 қаңтарында ақылы негізде ҰБТ тапсырады.
Қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін тестілеу ақылы негізде өтетін болғандықтан, төлем құны – 2242 теңге.
Тестілеуге қатысу үшін Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері кассасына төлем жасауға болады. Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы да төлеміңізді өткізе аласыз.
Талапкердің мүмкіндігі
Тестілеу өткізілгеннен кейін нәтижелерімен келіспеген жағдайда тестіленушілердің мәселелерін шешу мақсатында аппелляция қарастырылған.
Қаңтар, наурыз айларында ҰБТ-да тестіленуші маусым-шілде айында ақысыз өткізілетін ҰБТ-ға қатыса алады.
Талапкерлердің құқығы шектелмеген. 4 мәрте өтетін ҰБТ-ға қатысуға, не қатыспауға талапкер өз тарапынан шешім қабылдауға ерікті.
Ақылы ҰБТ жинаған балл негізінде алған сертификаты арқылы тек ЖОО ақылы негізде оқуға қабылданады.
Қаңтар-наурыз айларындағы ҰБТ-ға қатысу арқылы ұтымды нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігіне ие болуға болады.
ҰБТ – білім деңгейін бағдарлап, жаңа сұрақтармен танысу арқылы білімді жетілдіру, шыңдау, матрица арқылы нұсқаның 4 санын анықтау мүмкіндігі.
Бейбіткүл Әбжалиқызының айтуынша, ең бастысы, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бұл нысанында тиым салған заттарды қолданбай, салауатты түрде, тек қана нәтижеге көмекші құралдар арқылы мүмкіндік аламын деген ұғымнан арылып, өз білім деңгейің арқылы басты мақсатыңа қол жеткізетініңе сенімді болу.

Дайындаған Алтын ҚОСБАРМАҚОВА