Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Тестілеу шілденің 1-іне дейін жалғасады. Ал бағын сынайтын түлектердің ішінде қазақ тілінен тапсыратындар саны 77 мыңнан асып жығылады. 25 170 үміткер орыс тілін, 46-сы ағылшын тілін таңдаған.

6780 оқушы "Алтын белгімен", 4915 оқушы үздік аттестатпен бітірген. Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, "Алтын белгі" алғандар бұрынғыдай жинаған бал санына қарамастан грантқа түсе бермейді. Тек бал саны бірдей болған жағдайда ғана басымдыққа ие болмақ.

Ал тестілеу өтетін 167 нысанның барлығы дайын тұр. Сонымен қатар, биылғы тест сұрақтарының 50 пайызға жуығы жаңарған.

Айта кетейік, тест қорытындысын "Телеграм" әлеуметтік желісі арқылы білуге болады. Ол үшін тес орталығымен байланысып, жеке кодын көрсетуі тиіс.
20 маусым 2018 ж. 1 022 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031