Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Илон Маск Wikipedia-ға балама жасап шығарды

Илон Маск Wikipedia-ға балама жасап шығарды

Америкалық кәсіпкер, әрі миллиардер Илон Маск Wikipedia-ға бәсекелес болып табылатын Грокипедияны іске қосты, деп хабарлайды The Washington Post.
Фото: britannica.com
Басылымның мәліметінше, сайт стилі мен форматы жағынан Википедияға ұқсайды. Қазір мұнда ChatGPT, Дайан Китон және 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты сияқты тақырыптарға арналған мақалалар жарияланған. 
Жоба — Масктың танымал технологиялық құралдарға балама жасау үшін өзінің хAI компаниясы әзірлеген Grok-ты қолданудың соңғы әрекеті.
Айта кетейік, Grok ChatGPT-ге ұқсас жасанды интеллект жүйесі.
Илон Масктың кейбір жақтаушылары жобаның іске қосылуын асыға күтті. Ал сыншылар өтірік ақпараттар мен Википедия мәтіндерін сөзбе-сөз көшіретін мақалалардың мысалдарына назар аударды.
Сайтты іске қосқан кезде онда 885 мыңға жуық мақала орналастырылған, ал ағылшын тіліндегі Wikipedia-да 8 миллионнан астам мақала бар.
Grokipedia.com бірнеше сағат бойы жұмыс істеп тұрды. Бірақ кейбір пайдаланушылар оны іске қосқаннан кейін көп ұзамай мәселелер туындағанын хабарлады.Айта кетейік, бұған дейін Илон Масктың фото мен видео жасауға арналған нейрондық желісі тегін болатыны туралы жазған болатынбыз.

28 қазан 2025 ж. 219 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 140

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031